Фазлыева Кульжаухар Кәкішқызы
«Өрлеу» Ұлттық орталығы АҚ Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Қазіргі таңда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазастаннның дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін туындатып отыр. Осыған орай, қазіргі таңда жасалып жатқан реформалар өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Білім беру, тәрбиелеу мазмұнын қоғам дамуындағы кезеңдерге сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс – тәсіледері жасалу үстінде. Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек – жаңа заманның басты мәселесі- білім беру, ғылымды дамыту. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – бастауыш білім беру сатысынан басталады. Осыған орай 30 наурыз бен 24 сәуір аралығында Астана қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж универститетінің Білім беру факультетімен бірлесіп жаңартылған бағдарламаны мектеп өміріне енгізу бағытында ұйымдастырылған курсынан өттім. Бұл курста өз жұмысымды әрі қарай жандандыруға бағыт — бағдар алдым. Жаңа әдістемелер мен технологиялардың ғылыми-теориялық негізін түсіну, оны бастауыш сыныпта орнымен қолдану, оның білім сапасына әсері, оқыту үдерісіндегі нәтижелеріне көңіл бөлінді. Жаңартылған бағдарламаның басты ерекшелігі:
- пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі;
- Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы сабақ жоспарлау барысында пайдалана алуы;
- пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі;
- оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылуы;
- білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу.
Яғни баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, мүмкіндік беретін тұлғаға бағытталған жаңартылған бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерешеліктерін тренер Джудит Эмери шеберлікпен өз тобының тыңдаушыларына жеткізе білді.
Жаңартылған бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан басты ерекшелігі білімді біз оқушыға тыңдау, түсіну, ойлау, пайымдау, тұжырымдау, пікірлесу сияқты тілдік коммуникативтік біліктіліктерді оқушының өмірлік қажеттілігіне айналдыру үшін маңызы зор екеніне көз жеткіземіз.
Бүгінгі өзгермелі өмірде өзін-өзі жүзеге асыратын, дамытатын және өз бетінше шешім қабылдайтын тұлғаны тәрбиелейтін білім беру мазмұнының ерекшеліктерін менгеруге мүмкіндік береді.
Осы курстан алған ақпараттарды пайдалана отырып, АОПҚБАИ-ның жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне курс өткізу барысында төмендегі мақсаттарды басшылыққа алдым:
- Бастауыш білім беру сатысында пәндерді оқыту барысында қолдандатын тиімді жаңаша әдіс-тәсілдерді менгерту.
- Мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу.
- Критериалды бағалау жүйесін еңгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
- Жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру.
- Оқушының білім алу үдерісіне белсене қатысуын қалыптастыру.
Әр оқушы өзінше дарынды, ал мұғалімнің міндеті осы мүмкіндікті ашу, сапалы білім беруге дағдыландыру және дамытуға жол ашу.
Бастауыш саты – оқушының тұлғалық дамуының іргетасы, оқу әрекетінің қуатты жүретін кезеңі. Бұл сатыда білім берудің сапасы ең бірінші кезекте мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейіне байланысты болады. Жаңа стандарт бастауыш сынып мұғалімінің оқытуға деген түбегейлі жаңаша көзқарасының қалыптасуын, оның бойында оқушылардың сындарлы ойлауын, өзіндік ізденіспен ақпаратты терең талдау машығын игеруін
қамтамасыз ететін құзыреттіліктердің болуын талап етеді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін, зерттеу іс-әрекеттерін, олардың функциялық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуды және т.б. оқытудың жаңа формалары, әдістерін игеруге, оларды тәжірибеде қолдануға қатысты мәселелерді жан-жақты, жетік меңгертуге бағытталған. Осы аталған мақсаттармен, міндеттерді жүзеге асыру барысында облыстың барлық аудандарынан бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған «Өрлеу» Біліктілікті артыру Ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Алматы обылысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін артыру» институты» ағымдағы жылдың 28 наурыздан -12 тамыз аралығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында арнай курстар өткізді.
Курстың 1-4-күндері жаңартылған білім беру бағдарламасына және оның құрылымына қысқаша шолу, оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық тәсілдер және критериалды бағалау жүйесі тренинг арқылы мұғалімінің іс әрекеті ұйымдастырылды. 5-15-күндері білім беру бағдарламасының пәндік аспектілері (белсенді және тәжірибелік), ықшамсабақтар, өзіндік рефлексия және метатанымдық тапсырмаларды тиімді әдістерді пайдалана отырып мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Курсты өткізу барысында мұғалімдер электронды және баспадан шығарылған барлық әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіліп, интерактивті әдістер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылды. Оқу бағдарламасы мен сабақ жоспарларын егжей-тегжейлі талдауға, ортақ ой шығаруға іс-тәжірибе алмасуға, әр сабақтың соңында тренер мұғалімдерге жаңартылған білім беру бағдарламасын қалай түсінгенін анықтау мақсатында өзін-өзі бағамдау нысанын толтыртып, кері байланыс жүргізеді. Мұғалімдерге бүгінгі сабақта не ұнады? Осының ішінен өзінің тəжірибесінде нені қолданады, сабақта түсінбеген мəселелер болды ма? Оны қалай пысықтағысы келеді? үйренгендердің ішіндегі ең құндысы… деген сұрақтарға жауап бере отырып мұғалімдерге қосымша әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік алады. Әр тренер мұғалімдердің теория мен тәжірибені ұштастыруға, мұғалімінің өз әрекеттерін жоспарлай және ұйымдастыра білуге, мұғалім оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде бермей, оқушымен бірлесіп, сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде болуы, ал оқушы үшін білімді өздігінен жан-жақты ізденуі, мәселені анықтай алуы, өзіндік тұжырым жасай алуы, өзінің іс -әрекетіне баға беруге дағдылануы, сыни ақпараттарды өз бетімен тауып, талдап, дәлелдей алуына, белгілі бір деңгейде пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін дамытуға аса назар аударылды.Бастауыш сыныптан оқушысын өмірге дайындау, яғни көшбасшыллықа тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылды.
Бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы қиын да, жауапты жұмыс. Бұл сатыда білім берудің сапасы, мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейіне байланысты. Әрине қазіргі заманда оқушыға сапалы білім беру үшін, мұғалімнің өзінің педагогикалық білімі, іс-тәжірибесі жоғары деңгейде болу керек. «Жай мұғалім — хабарлайды, жақсы мұғалім – түсіндіреді, керемет мұғалім — көрсетеді, ұлы мұғалім – шабыттандырады», осы орайда бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілген курстар мұғалімдерге өз кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге мүмкіндік береді деген ойдамын. Қорыта айтқанда жаңартылған бағдарлама негізінде оқыған бастауыш сынып мұғалімдері курс барысында алған жаңаша біліммен өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жетеді.
Пайдаланған әдебиттер тізімі
- Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған іс-қимылдарының Ұлттық жоспары.
- Пит Дадли (Ұлыбритания = Великобритания = GreatBritain) LessonStudy: теориясы мен қолдану тәсілдері = LessonStudy: теория и практика применения = LessonStudy: a handbook — Астана: «Назарбаев Зияткерлікмектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013,-Астана: Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2013, — Astana: Centerof Excellence AEO