Home » Жаңалықтар » Нұр шашуға – 5 жыл

Нұр шашуға – 5 жыл

Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Абай.

              Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл  қаласы қазақ мектеп-гимназиясының жанынан құрылған «Өнер орталығы» мектебі  ашылғаннан бері өз жұмысын жоғары деңгейде  атқарып келеді. Аталмыш ұжымда өнердің сан-саласымен айналысатын мектеп оқушылары, бүгінде талайды тамсандырып, өнерлерін еліміздің әр жерінде көрсетіп жүр. Солардың қатарында халықты өнерімен тәнті қылып жүрген«Нұр шашу» би ансамблін атап өтуге болады.  Аталмыш  ансамбілде 300 ден артық оқушылар тәлім-тәрбие алып жатыр. Онда Фирсова Анастасия Игоревна мен Тихонкова Виктория Владимировна бүлдіршіндерді бар ынта жігерлерімен тәрбиелеп, балалардың таланттарын ашуға  өз септіктерін тигізіп жүр. Би тәлімгерлерінің тәжірибесі, жұмысқа деген ынтасы ұшан теңіз.  Оған «Нұр шашу» би ансамбілінің құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламасы айғақ. Тарыдай боп кірген бірінші сынып бүлдіршіндерінен бастап, таудай болып, қияға қанат қаққалы тұрған түлектерге дейін осы «Нұр шашудың» бишілері. Қалалық мәдениет үйінің шағын залы көрерменге лық толы. Расында  тәжірибесі мол бишілер қазақтың ұлттық биі «Қаражорғасынан» бастап «Қарлығаш», «Домбыра», «Нұр шашу», «Сұлу қыздар» т.б. көптеген би түрлерін жастарға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге татар, өзбек, әзербайжан, орыс, армиян, башқұрт ұлттарының билерін де жастардың бойына сіңіріп келеді.

Балалардың мың бұралып билегеніне қарап, нағыз кәсіби биші ме деп қаласың. «Нұр шашу» би ансамбілі 2015 жылы Астана қаласында өткен «Шығыс аңыздары» бишілер конкурсының жеңімпазы. Бұл шағын ұжымды өз әріптестері «Серілер» тобы құттықтап әннен шашу шашты. Кеш соңында Петропавл қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнагүл Есенаева мен Қазақ мектеп-гимназиясының директоры Бұлбұл Ахмадиқызы құттықтап алғыс хат тапсырды. Фирсова Анастасия Игоревна мен Тихонкова Виктория Владимировнаға көрермендер мен ата-аналар да ақ тілектерін жаудырып жатты. Ұстазға одан артық бақыт бар ма?! Қашанда ұлт болашағынан үміт күтер жастарымыз көп болсын, оларға сара жолда жол сілтер парасатты да  білікті ұстаз кездессін!

 

 

 

 

 

 

Көкбасқызы Жазира,
СҚО, Қызылжар қаласы
«Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.