Home » Жаңалықтар » Нұр-Сұлтан қаласында араб тілін оқытатын орталық ашылады

Нұр-Сұлтан қаласында араб тілін оқытатын орталық ашылады

 

№84 мектеп – лицейі 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Жоғары мәртебелі Шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның екі ел арасындағы достықты нығайту мақсатында жасалған келісімдерінің нәтижесінде бой көтерген болатын.

Мектептің іргетасы 2015 жылдың 27 тамызында Астана қаласының әкімі мен Біріккен Араб Әмірліктерінен келген жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен қаланған еді. Шейх Халифа атындағы қайырымдылық қоры бір жыл ішінде осынау сәулеті жарасқан, заманауи үлгідегі мектепті сәтті бітіріп, 2016 жылы 1-қыркүйек «Білім күні» қарсаңында мектеп кілтін тапсырды.

Осыған орай Нұр – Сұлтан қаласының Ұлы дала 7/1 мекен – жайында орналасқан №84 мектеп – лицейінде 2019 жылдың 20 маусымы күні сағат 11.00 де Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстандағы елшісі доктор Мохаммад Ахмад Альджабер мырза мен Абу-Дабидағы Шейх Халифа қорының директоры Мұхаммед Хажи Әл Хури арнайы келіп Фатима Ана атындағы араб тілін оқыту орталығын ресми түрде ашпақ.

Салтанатты ашылу рәсімінде БАӘ – гі  Шейх Халифа қоры білім ордасына сыйға тартқан мультимедиялық кабинет, дыбыс жазу студьясы, конференц залдың қазіргі кезде қолданыста жасап жатқан жұмыстары көрсетіледі. Сондай – ақ лицейде ашылған БАӘ мен Қазақстан арасындағы достықты нығайтып, екі елдің мәдениетін насихаттау мақсатындағы мұражайдағы жәдігерлер тансытырылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.