«ХХІ ғасырда мемлекет пен саяси көшбасшылықтың рөлі бұрынғыдан да салмақты бола түсті. Сондықтан Қазақстанды нығайтудағы ерекше миссия «Нұр Отан» халықтың – демократиялық партиясына тиесілі. Бүгінде «Нұр Отан» Еуропа мен Азиядағы жетекші елдердің ірі партияларының жолымен дамып келеді. «Нұр отан» партиясы – бұл шешімдерді іске асыруға қабілетті, күшті саяси ерік – жігердің қуатты көзі, елді дамытудың ірілендіруші секторы»,-деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап өткен болатын.
«Нұр Отан» партиясы 1999 жылы наурыз айында құрылған. Оған дейін атауы «Отан» республикалық партиясы болған. Әлі есімде, балабақшаға барып жүргенімде тәрбиеші апайымыз бізге: «Бүгін «Отан» партиясы «Нұр Отан» болып өзгертілді» деген болатын. Сол кезде біз одан: «Бізге сол партия жайлы тағы мағлұматтар айтып бересіз бе?» деген болатынбыз. Апайымыз: «Біздің Қазақстан Республикамыздағы көшбасшы партияның бірі – «Нұр Отан» партиясы. «Нұр Отан» партиясын біздің елбасымыз өзі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жетекші етеді. Ең бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы» деген болатын.
Мәжіліс сайлауында, 2007 жылы «Нұр Отан» партиясы 88,41% дауыс жинады. Партияға 98 депутат төменгі палатадан сайланды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері барлық облыстарда бар. Тамыз айында өткен парламент сайлауында, 2007 жылы, айқын басымдылықпен «Нұр Отан» партиясы жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Бізді нұрлы жолға, нұрлы болашаққа бастайтын – «Нұр Отан» партиясы. Нұротандықтардың парызы, ол – ел үмітін ақтау. Еліміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастаған «Нұр Отан» партиясы еліміздің, яғни Қазақстан Республикасының жаңа белестерімен бірге жаңа тарихын ашуға көмектеседі. Осыдан жиырма бес жыл бұрын біз дербес дамудың жолына түстік. Біз, яғни қазақ елі алға биік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізе алатынымызды ең әуелі өзімізге және өзгеге дәлелдей білдік. «Нұр Отан» партиясы елді жаңғырту ісіне жетекшілік етуге тиіс. «Нұр Отан» партиясының жалпы ХVII сьезі өткізілген.
Ең соңғысы 2016 жылдың 29 қаңтарындағы кезектен тыс ХVII сьездің қаулысы:
Өзімнің қалам, яғни Жаңаөзендегі «Нұр Отан» партиясы жайлы айтатын болсам, 2015 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Жақайұлы «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы болып сайланды. Кезектен тыс өткен конференцияға «Нұр Отан» партиясы МОФ төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаттары мен партия мүшелері қатысты. Қала әкімі қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып бірауыздан сайланды. Елубай Әбілов өзіне көрсетілген сенім үшін зор алғысын білдіріп, Мемлекет басшысының ел алдына қойып отырған міндеттерді шешу және белгіленген міндеттемелерді орындау үшін барлық күш-жігерін аямайтынын жеткізді.
Жаңаөзен қаласындағы «Нұр Отан» партиясы осы күнге дейін көптеген жұмыстар атқарды. Мүжәлсіз отбасының балаларын, ата-анасы жоқ балаларды тұрақты жұмыспен қамтып және тұрған үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге септігін тигізді. Оқу орындарында тегін білім алуға, гранттар бөлінуіне ықпал етіп, жағдайы жуық, ата-анасының қамқорынсыз қалған, ауылдық елді мекенде тұратын көптеген студенттер оқуда.
Жас ұрпақтарды патриоттық сезімде тәрбиелеу барысында, отансүйгіш, ұлтшыл, иманды болуға жетелейді. «Нұр Отан» партиясы – жарқын болашақ жастардың қолында екеніне кәміл сенім артады. Біз «Нұр Отан» партиясымен біргеміз, әрқашанда қолдаймыз!
Партияға жетекшілік ететін Нұр атамыз жасай берсін!!!
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы,
Жаңаөзен мектеп-лицейінің
11 «Ә» сыныбы оқушысы
Теңелова Амангүл