Home » Сценарийлер » Сыздыкова Мадина Досымхановна. Азаттықтың ақ таңы

Сыздыкова Мадина Досымхановна. Азаттықтың ақ таңы

Мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан  жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту. Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: лозунг, плакаттар: «Тарих қиянатты кешірмейді», «Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы», «Қанды желтоқсан жадымызда» т.б
Музыка ойналып, залдың екі жағынан екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті  де қастерлі тәуелсіздікке 26 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
1-жүргізуші:Бүгінгі ” Азаттықтың ақ таңы” деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.
1-жүргізуші: Бұл  күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының  туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
(Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады).
2-жүргізуші: Бұл тәрбие сағаты 1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
1-жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.
1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
1-оқушы: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.
2-жүргізуші:
2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?
2-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.
1-жүргізуші:
3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
3-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.
1-көрініс
— Қыздар, мен газет әкелдім.
— Қане, не жаңалық бар екен?
— Пленум болыпты.- Қонаевты орнынан алады дейді.
— Онысы несі?
-Орнына кім болыпты?
Колбин деген Ульяновтан келіпті.
— Қазақтан-ақ біреу қойсайшы!(Жастар шулап шығып кетеді.)
2-көрініс
(Бір топ жастар «Менің Қазақстаным» әнін айтып шығады.)

  • Пленум шешіміне қарсымыз!
  • Әр ұлттың өз басшысы!
  • Колбинді әкетсін!
  • Қонаевтың әкетсін!
  • Қонаевтың өзі сөйлесін! т.б

Оларды ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. Бір-екі адамды ұстап алады. «Қайрат! Қайрат» деп топ шулап тарайды.
3-көрініс
Көрініс. 
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі:  Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
4-көрініс
Прокурор: — Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.
Прокурор: — Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 — 18 күні алаң ға бардың ба?
Қайрат Рысқұлбеков: — Иә, бардым . 17 -желтоқсан күні.
Прокурор: — Не мақсатпен ?
Қайрат Рысқұлбеков: — Ол жерге барған себебім! Біріншіден: ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып — соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.
Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?
Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.
Хатшы: Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!
Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.
Қайрат Рысқұлбеков: — Жоқ, бұл әділдік емес
Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?
Қайрат: Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқамдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

Анасы: Қайраттың Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!
ҚАЙРАТКөтер ана, көтер ана басыңды.
Өтті, кетті жауынды күн жасынды
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!
Кешір ана, жан едің ғой тамаша,
Арым үшін түстім, рас араша
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,
Арым үшін түстім, рас, араша
Араша!
Ән: «Он алтыншы желтоқсан»
2-жүргізуші:
5-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?
6-оқушы: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді.Ол үміттері ақталмады. Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды.Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды

     

1 жүргізуші: 7-сұрақ: Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?

8-оқушы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше. Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін көрсетті.

Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” -өлеңі.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысды жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

«Егемен ел”- әні.

2-жүргізуші: Қара мынау ғажапқа,

Теңдік тиді қазаққа.

Езгідегі ұрпағың,

Енді айналмас мазаққа.

1-жүргізуші:  Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төріңде.
2-жүргізуші: Мінеки құрметті көрермендер «Азаттықтың ақ таңы» атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.
1-жүргізуші: Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштасамыз.
Бірге: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Қорытынды.
Мұғалім: Тәуелсіздік күні- Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні.
Алғаш рет қазақ халқы өз тағдырын өзі айқындап шешу мүмкіндігін алды.
Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүрген мемлекет ретінде танытты.
Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын! Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен құттықтаймыз.

 

 

Сыздыкова Мадина Досымханова,
№69 мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.