Home » Ашық сабақтар » Нұрғиса Тілендиев «Жүрегім менің» (1925 — 1998)

Нұрғиса Тілендиев «Жүрегім менің» (1925 — 1998)

 

Сабақтың мақсаты: Н. Тілендиев өмірбаянымен таныстыру. Оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру. Композитордың шығармаларына көзін қанықтыру, таныстыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мәні: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ойлауға, Қиялдай білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: Композитордың суреті, интерактивті тақта. Слайдтар.

Жүргізуші:

Қайырлы кеш қымбатты тәрбиешілер мен оқушылар!

Қазақтың әйгілі күйші компазиторы, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев атамыздың «Менің жүрегім» атты мерекелік ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

ІІ. Жүргізуші:

Ол тума талантты, ол қазақ сазының сайып қыраны, ол музыканың Маххамбеті, Нұрғиса Тілендиевтің қазақ өнеріне қосқан үлесі шексіз. Ол 500-ден астам туындының авторы, 50-ден астам драмалық спектальдармен, 20- кинофильмдерге музыка жазып, қазақ сахнасымен экран өнерінің  классигіне айналған тұлға.

Өмірлік өнерге арнаған тума таланттын әрбір шығармасын, тындағанда, жүрек пернесін дөп басады. Нұр ағамыздың домбыра шертуі, домбыраның құлағында ойнауы, тіпті бөлек, елпендетіп шабыттанбайтын адам кем де кем. Ендеше экранга назар салайық. Слайд көрсету.

Нұрғиса Тілендиев /1925 — 1998/

Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбек еткен, шың дарын иесі, ойлы да сезімтал, білімді, қазақ халқының рухани музыка мәдениетін көтеруге атсалысқан атақты, талантты композитор атақты домбырашы, әрі дирижер Н. Тілендиев 1925 жылы сәуірдің 1-і күні Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы.
Алматы ұлттық консерваториясымен Мәскеу консерваториясында білім алған. 1981 жылы белгілі «Отырар сазы» фольклорлық — этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін оның бас дирижері болды.

Оның «Көш керуені», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқиса», «Махамбет» т. б күйлері халыққа кең тараған.

Күй орындалады:

2000 жылы «Отырар сазы фольклорлық — этнографиялық оркестріне Н. Тілендиев есімі берілді. Суреттен көріп отырғанымыздай әкесінен қалған оркестрді қайта жаңғыртып, Динара Нұрғисақызы дирижерлық етіп, болашақ ұрпаққа жеткізіп отыр. Әндері: «Саржайлау», «Әке туралы жыр», «Құстар қайтып барады» т. Б

Ән орындалады:

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) — Алматы облысы Іле ауданында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория), Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1952-1961 жылдары — Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-1964 жылдары — Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, 1968-1981 жылдары — «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы, 1981 жылдан «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.

Ән орындалады:

Ұлы сазгер «Алтын таулар» операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), «Достық жолымен» балетінің (Л.Степановпен бірге), «Ортеке» балет-поэмасының, «Менің Қазақстаным» кантатасының, оркестрге арналған «Поэма», «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. Біртуар тұлға сондай-ақ, 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды.

Нұрғиса Тілендиев екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Ән орындалады.

 

Авуталив Гүлбаршын,
Нұр-сұлтан қаласы, «Қажымұқан Мұңайтпасов
атындағы олимпиада резервінің республикалық
мамандандырылған мектеп – интернат колледжі»
РММ тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.