1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Қазақстан балалары нұрлы жолмен» республикалық акция аясында «Нұрлы-Жаз» — атты мектеп жанындағы сауықтыру алаңы ашылды.
Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекіту, денесін шынықтыруы, күш жинауы үшін беріледі. Бірақ бұл да олардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт-сауықтыру лагерлерінде, шипажайларда, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңдарында өтеді.
«Жаз-2019» жобасының мақсаты: «Жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау және кәмелеттік жасқа толмағандардың бақылаусыздығын, қараусыздығын және құқық бұзушылығының алдын алу».
Мектеп жанындағы сауықтыру алаңын ұйымдастыру негізінде балалардың күндізгі ұйқымен қарастырылған, төрт мезгіл тамақтандыру, сауықтыру, экскурссиялық саяхатқа шығу сияқты, танымдық қабілеттерін арттыру үшін екі ауысымда барлығы 60-қа жуық оқушыны сауықтыру жоспарға алынды. Балалардың жас мөлшері 6 жастан 14 жасқа дейін. Әр ауысымның ұзақтығы 20 күн. Жазғы лагерде аз қаржыланған отбасы балалары мен мүмкіндігі шектеулі отбасының балалары, сондай-ақ жайсыз отбасы балалары қабылданды.
Жалпы айтатын кететін болсам жазғы сауықтыру алаңының бағдарламасы құрылып, бағдарлама балалардың қызығушылығы мен псилологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды. Жазғы сауықтыру алаңының бағдарламасы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына негізделіп жасалынған. мақсаты мен міндеттері «Нұрлы-Жаз» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Әрбір топ өз жұмысын жалпы жазғы сауықтыру алаңының жоспарына сәйкес жоспарлайды. Басқару құрылымы бойынша лагерь директорлары І-ауысым — А.А.Ханенко, ІІ –ауысымда Х.Жетпісбай. Ұлы даланың ұл- қыздарын тәрбиелеушілер С.К.Мамаева, М.А.Джусупова, М.К.Жалатбекова, Н.Қуанғанқызы. Лагерь барысында оқушылар табиғатқа серуенге шығып, ұлттық ойындар ойнап шынығады, сонымен бірге лагерь жоспарында «Ұлы Даланың 7 қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдаулары, «Денсаулық-2020» бағдарламасы бойынша шаралар қарастырылған.
Алдымен, 1-маусым балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары-Нұрлы жолмен!» тақырыбымен «Нұрлы –Жаз» мектеп жанындағы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты өтті. Мұнда балалар сахналық көрініс көрсетіп, ән айтып, би биледі. Сайқымазақтар балалардың жарыс ойындарымен қызықтырды. Мектепішілік шарадан кейін, 30 оқушыдан тұратын әншілер тобы, аудандық «Ән тамшылары» шарасында «Бейбтшілік жасасын әлемде!» әнін орындады. Мерекелік шара тәтті балмұздақ пен шырынға ұласты. Бұл жерде ауылымыздың ЖК «Жазыбаев» жетекшісі Д.Жазыбаева және жастар «Айбат» орталығының директоры Ж.Жингулованың демеушілігмен ұйымдастырылған шара, балаларға үлкен қуаныш сыйлады. Шара соңында мерекелік дастархан және тәттілер мен жемістер салынған қалталар таратылды. Келесі қадамда 20 күнге жоспарланған шара, яғни 3 аптада арнайы тақырыптармен жүзеге асады.
03.06-08.06 – аралығында «Рухани жаңғыру» апталығы (танымдық шығармашылық конкурстар, салт-дәстүрлер, жобалар, кітапхана жұмысы, әдептілік сахналық қойылымдар)
10.06-15.06 — аралығында «Ұлы Дала мұрасы» апталығы (тарихи тақырыптар, мұражайлар мен арнайы ұйымдарға экскурсия, қол өнер, макеттер, «Батырлар жыры» ертегілер, Ұлы дала тарихы бейнефильмдерін тамашалау)
17.06-22.06 – аралығында «Салауатты Ұрпақ» апталығы (Спорттық сауықтыру ойындары, жарыстар мен психологиялы, физиологиялық және логопедиялық қызықты дәрістер мен ойындар, салауатты өмір салты)
Жазғы сауықтыру алаңы балалар үшін саяхаттаған әр күннің ерекшеліктерімен есте қалады. Бірінде балалар мәнерлеп өлең оқыса, енді бірінде ертегілер саханалау, спорттық сайыстар, сурет салу, қол өнер , еңбек десанты, КТК, викториналық сұрақтар, байқаулар, дискотека, концерт, ойын, әңгіме, сурет салу, жұмыс көрмесі, экскурсия түрлері балалардың қызығушылығын арттырады деген ойдамын.
А.А.Ханенко,
Железин №3 ЖББОМ-і
жазғы демалыс лагерінің директоры.