«Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-да 2018жылдың 15 ақпан күні ҚР Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауының жетінші бағытындағы білім берудің жаңа сапасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағадайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын басшылыққа ала отырып ата-аналармен балабақша арасында «Ынтымақты отбасы » сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағадайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа алып балалардың денелерін шынықтыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ептілікке, шапшаңдыққа, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, саламатты өмір салтын сақтауға, ұйымшылыққа тәрбиелеу. Ата-аналарды сайысқа белсенді түрде қатыстыру.
Шақырылған қонақтар:
- Қызылорда қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағасы: Баекеев Мақсұт Әбдуәлиұлы
- №31 «Алтын кілт» балабақшасы КМҚК-ның меңгерушісі, №7 аймақ жетекшісі: Турбаева Сарқыт Ақмырзақызы.
- Балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер, ата-аналар қатысты.
Сайысты «Балдырған» ересектер тобының тәрбиешісі Бергенбекова Перизат Бимағанбетқызы өткізді. Сайысқа 3 топ қатысты. «Барыс» тобы, «Бүркіт» тобы, «Бәйтерек» тобы. Спорттық сайыс 9 кезеңнен тұрды. Қатысушылар, Шаңғышылар сайысы, «Мергендер сайысы, «Кім жүйрік» сайысы, «Ізді басып өту» сайысы, «Кім епті», «Білімділік» сайысы, «Көңілді вагон» сайысы, Соңынан жүргізуші топ басшыларына сұрақтар қойып «Руханы жаңғыру» тақырыбында сурет құрастырды. Әділ қазылар алқасы сайыстың жеңімпаздарын анықтап, барлық топтарға жүлделі орындары тағайындалды. І орын «Бәйтерек», ІІ орын «Барыс», ІІІ орын «Бүркіт» тобы орындарға ие болды. Келген қонақтар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы аясында өткізілген сайыс өте жоғары деңгейде өтті деп балабақша меңгерушісі: Шерімбетова Гүлбибі Жолдықожақызына және ұжымға алғыстарын білдірді.
Рысбембетова Назымгул,
әдіскер