Home » Ашық сабақтар » Нұрабаева Анаргүл Каукенқызы

Нұрабаева Анаргүл Каукенқызы

Жуан – жіңішке

Сынып: 1 «Ә»
Пән: Санау.
Ортақ тақырып: Наурыз мерекелері.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Жуан -жіңішке» ұғымымен таныстыру, «үлкен -кіші», «қалың-жұқа»
ұғымдарын қайталау.
2. Түзете-дамытушылық: Көрсетілген белгілері бойынша заттарды салыстыру дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтипі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақәдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, салыстыру, қызығушылықты ояту.
Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, түрлі – түсті қарындаштар, жуан – жіңішке заттар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, тіл дамыту.
Әрекет кезеңдері.
Мұғалімнің іс – әрекеті
Балалардың іс – әрекеті.
Күтілетін нәтиже
Дәлелді ояту.
Шаттық шеңбері.
«- Армысың, асыл күн!»
Бізге қонақтар келіп отыр, балалар қонақтарға арнап қазақша сәлем берейік.
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.
Оқушылар қазақша сәлем береді.
«- Армысың, асыл күн!
— Армысың, жан досым!
— Жылуыма жылу қос,
— Міне, менің қолым!»
Оқушылар қазақша сәлем береді.
Ұйымдастыру – іздену
-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-Қазір қай жыл мезгілі?
— Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Мынау ненің дауысы?
Дұрыс, балалар, бұл да көктем белгісі.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
— Енді, бір сұраққа жауап беріңдерші, балалар. 8 наурызда қандай мерекені атап өттік?
Кәне, балалар, көктемге арналған тақпақтарынды айтыңдар.
Бекарыс: Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді.
Алдияр: Көктем келді күркіреп
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Ерсұлтан: Көктем күні шуақты.
Көктем күні қуатты.
Ал, енді,барлығымызға көктем мерекесі құтты болсын деп, сабағымызды әрі қарай жалғастырайық…
1. Ой қозғау.
Өтілген тақырыптарды қайталау.
Сұрақ – жауап
Геометриялық пішіндерді ата?
Қандай лента ұзын, қандай лента қысқа?
— Биік – аласа
-Үлкен – кіші.
2.Дидактикалық ойын: «Мен бастаймын сен аяқта»
Үлкен —(кіші)
Ұзын – (қысқа)
Биік – (аласа)
Сергіту сәті:
Сабағымыздың тақырыбын айтып өтейін: «Жуан — жіңішке», 3-5 заттарды жуандығы бойынша реттеу.
Тақтада Винни пух пен пятачок суретін іліп, біреуі жуан біреуі жіңішке деп таныстырамын. Олар да бүгінгі сабағымыздың қонағы.
3. Бүгінгі сабақта жуан – жіңішке ұғымымен танысамыз.
Оқушыларға жуан – жіңішке заттарды көрсетемін.
Жуан кітап – жіңішке кітап,
Жуан ағаш – жіңішке ағаш,
Жуан сәбіз – жіңішке сәбіз,
Жуан қияр – жіңішке қиярды көрсетіп, жуан – жіңішке мағынасын түсіндіремін.
Сосын барып, балаларды 3-5 заттарды топтастыруды көрсетемін.
Саусақ гимнастикасы:
«Оң қолымда бес саусақ»
Балаларға суреттердің арасынан жуан заттарды таңдап, боятамын.
Балалар, міне Наурыз мерекесі де келіп жетті. Барлықтарыңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Всех поздравляю с праздником Наурыз! Желаю тепла и любви каждому дому!
«Наурыз» өлеңін қойып, шашу шашамын!
Бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
Көктем.
Көктемде күн жылынады, қар ериды, туған жерге құстар ұшып келеді, жеміс ағаштары гүлдейді, қар ергеннен кейін жер бетіне қандай гүл шығады?
Бәйшешек, тағы жауқазын, қызғалдақ гүлдері шығады.
Құстардың дауысы.
Аналар күнің атап өттік
Оқушылар менің көмегімен тақпақтарын айтады.
Тақтаға қарайды.
Балалар атайды.
Өтілген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Қарама –қарсы сөздердің мағынасын түсініп айту.
Балалар музыка арқылы сергіту жаттығуларын жасайды.
Мағынасын түсініп жауап беру.
Заттардың қасиеттерін ажырата білу.
Оқушылар заттарды топтастырады.
Саусақ гимнастикасын жасайды.
Жуан заттарды таңдап, бояулары тиіс.
Бір – бірін құттықтайды, шашу жинайды.
Балалар шашу жинайды.
(балалар санау арқылы жауап береді)
(Менің көмегімен жауап береді)
Аналар күнің атап өттік.
Оқушылар менің көмегімен тақпақтарын айтады.
Балалар атайды.
Өтілген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Балалар жауап берулері тиіс.
Балалар музыка арқылы сергіту жаттығуларын жасайды.
Оң қолымда 5 саусақ (1,2,3,4,5) – санайды,
Сол қолымда бес саусақ – санайды.
5-ке 5-ті қосқанда, болады екен 10 саусақ – санайды.
Жуан заттарды таңдап, бояулары тиіс.
Рефлекстік түзету.
Бүгін не өттік?
Балаларды мадақтау.
«Жуан – жіңішке» ұғымымен таныстық!
Білуі: Заттар қасиеті туралы түсініктерді біледі.
Игеруі: Жуан-жіңішке ұғымдарын түсініп игереді.

Нұрабаева Анаргүл Каукенқызы,
Астана қаласы әкімдігінің “№1 Арнайы мектеп-интернаты”
КММ бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.