Home » Ашық сабақтар » Не қалай дауыстайды?

Не қалай дауыстайды?

Сүлейменова Зиягүл Жөкенқызы

                                 Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

                                                                           Қандыағаш қаласы, «Күншуақ» бөбекжай

                         бақшасының тәрбиешісі

 

 Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер:

а/ Ақпараттық: Құстардың сайраған дауыстарын тыңдату арқылы құстың дауысын ажырата білуге үйрету.

ә/ Коммуникативтік құзыреттілік:Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, сөздік қорларын арттыру.

б/ Проблеманы шешу: Құстарға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тілдерін дамыту.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Құстар дауысын тыңдату, суреттерін қарау

Түрі: саяхат

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын

Көрнекіліктері: Құстардың суреттері, ойыншық құстар, құстардың дауысы жазылған дискі, тауық пен балапан киімі.

Билингвизм: торғай-воробей, әтеш-петух, тауық-курица, қаз-гусь, құстар-птица

Мотивациялық қозғаушы. Балаларды шеңберге тұрғызып, шаттық шеңберін айтқызу.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамызда қаламыз.

-Балалар, бүгін біз құстар ауласына саяхатқа шығамыз. Ол үшін біз де тауық пен балапан болып киініп алдық. Алдымен ол аулада қандай құстар тұратынын білу үшін бейнефильм қарап алайық.

/Бейнефильмнен құстарды қарап, танысады/

Іздену ұйымдастырушы.

Сиқырлы сәт: /Құстардың дауысын тыңдап, сұрақтар қою. Балалар тыңдап жауап береді./ «Шөжелер» әнімен саяхатқа билеп шығу. Ағаштың қасына  өткенде торғайдың дауысы естіледі, тоқтайды.

-Бұл ненің дауысы?

-Торғай-воробей

— Ол қалай дауыстайды? -Шық-шық

-Торғайдың қарны ашқан шығар, оған біз жем шашып кетейік. /Балалар жем шашады/.

Әрі қарай жүрейік. Музыка жиберіледі.

-Балалар, біз құстар ауласынада келдік. Мұнда нелер тұрады?

-Әтеш-петух, тауық-курица

-Әтеш қалай дауыстайды? – Ку-ка-ре-ку

-Ал тауық қалай дауыстайды? –Қыт-қыт

-Тауық бізге не береді? –Жұмыртқа

-Әтеш пен тауыққа жем шашайық.

-Құстар ауласындағы  құстармен таныстық, енді орнымызға қайтайық.

Алдарынан қаз кездеседі.

  • Балалар бұл не? –Қаз-гусь
  • Қаз қалай дауыстайды? – Қаңқ-қаңқ
  • Жарайсындар балалар, қазға да жем шашайық. Осылай біз құстарға қамқорлық жасаймыз.

Сергіту сәті: /әуен арқылы ритмикалық гимнастика немесе тақпақ/

Орнымыздан тұрайық,

Қане, қанат жазайық.

Торғайларға ұқсайық,

Ұшып,ұшып алайық. /Балалар қимылмен орындайды/

-Жарайсындар балалар. Енді біздер ойын ойнаймыз.

Дидактикалық ойын: «Дауысын сал».

 Шарты: Балаларға құстардың суретін таратып беріп, кімде қандай құстың суреті бар, соның дауысын салады. Балалар қолдарындағы суреттер бойынша құстардың дауысын салады.

Қимылды ойын: «Түлкі мен құстар».

Шарты: Бір бала түлкі, қалғаны құстар. Түлкі ұйықтап отырады, құстар ұшып жүреді. Түлкі оянып кетеді, құстарды қуады. Ұсталған бала құстың дауысын салады.

Балалар ойын ойнайды. Рефлексивті коррекциялаушы.

Әтеш қалай дауыстайды? – Ку-ка-ре-ку

-Ал тауық қалай дауыстайды? –Қыт-қыт

-Торғай қалай дауыстайды? –Шиқ-шиқ

-Ғай-ғай-ғай- шиқылдайды торғай,

-Ә-ә-ә-ә- әндетеді әтеш

-Қыт-қыт-қыт қытқылдайды тауық

-Қаңқ-қаңқ-қаңқ- қаңқылдайды қаз

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Құстарды ажырата алуды біледі

Игереді: Құстар туралы жалпы түсініктерді, құс атауларын игереді.

Үйренеді: Құстардың дауысын салуды, оларды қамқорлауды үйренеді.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.