Жақында білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Үздік ресурстық орталық» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді. Оған: облыс аудандары мен Ақсу, Екібастұз қалаларынан 19 тірек мектеп қатысты. Орталықтар өздерінің жаңа педагогикалық бастамаларын, инновациялық амалдарын, әдістемелік және оқу-тәрбие қызметерін таныстырды.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынға Баянауыл ауданының № 2 ЖОМ; ІІ орынға Екібастұз қаласының №21 ЖОМ; ІІІ орынға Шарбақты ауданының гимназия сыныптары ие болды.
Ал, Успен ауданының №1 мектебі «Үздік бейінді мектеп», Лебяжі ауданы «Үздік инновациялық бастама», Ертіс ауданының №4 ЖОМ-ы «Тиімді менеджмент», Май ауданының Көктөбе ЖОМ-ы «Әлеуметтік серіктестік және қызметтестік», Ақсу қаласының №2 ЖОМ-ы «Шеберлік және ізденіс» аталымдары бойынша Дипломдармен марапатталды.
Айгүл Молдаш
Білім айнасы
Павлодар қаласы