Ұлыстың Ұлы күні, берекенің бастауы, жыл басы – Наурыз мерекесі Павлодар облысы Ертіс ауданы Северный ауылындағы «Айгөлек» шағын орталығында ерекше аталып өтті. Бұл күні шаттықтан шашу шашылды. Жақсылықтың жаршысы болған көктемнің шуақты мейрамын бәрі де асыға күтіп, ерекше құрмет көрсетеді. Биылғы жылы наурыз мерекесін өткізу дәстүрі жылдағы дәстүр жалғасын тауып, ауыл тұрғындары қуанышқа бөленді. Наурыз — жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, ауызбіршіліктің, бауырмалдықтың мерекесі. Біз үшін аса қадірлі Наурыз мейрамы еліміздің барша халықтары үшін ұлық мереке болып саналады.
Наурыз мерекесіне орай, балабақшадағы топтар арасында жарыстар ұйымдастырылып, мерекелік концерт қойылды. «Асыл аналар» тобы әуелетіп ән салып, салт-дәстүрді баяндайтын, тәрбиелік мәні зор көріністер қойылды. Ақсақалдар ақ батасын беріп, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Ата-аналар арасында спорттық ойындардан жарыстар өтті.
Наурыз көжеден дәм татып, мерекелiк бағдарламаны тамашалау үшін көрермендер көптеп жиналды. Сонымен қатар, биылғы жылғы Наурыз мерекесі де жағымды жағынан есте қалды. Тұрғындар арасындағы сыйластық, ауызбіршілік қасиеттерінің арқасында мереке өте жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл күні жер бетіне жылулық орнап, Жер Ана еркін тыныстап, айнала нұрға бөленіп, адамдар арадағы сыйластықты ұмытпай, төс қағыстыра аман-саулық сұрасып, ауыл келбеті ажарланып, мамыражай күйге енді.
Жүсіпова Айгүл Нәбиқызы,
Павлодар облысы Ертіс ауданы Северный ауылы
«Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешісі