Білім беру саласы: әлеуметтік орта
Бөлім: көркем әдебиет
Мақсаты: балаларға ертегі, өлеңді тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылауға, өлеңнің мағынасын түсініп, әңгімелей білуге үйрету.
Білімділік міндеттері: балаларға «Наурыз тойы» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру. Балаларға қазақтың көктем мерекесі – Наурыз тойы туралы түсіндіру арқылы балалардың танымдық білімін тереңдету.
Дамытушылық міндеттері: “Наурыз тойы” өлеңін жаттатып, тіл байлығын, сөздік қорларын байыту, қазақ тіліндегі сөздердің анық, дұрыс айтуын дамыту.
Тәрбиелік міндеттері: өз тілін, елін, салт-дәстүрін сүйе білу сезімдерін ояту, тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз тойын бейнелейтін суреттер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Қос тілдік компонент: Наурыз мерекесі – праздник Наурыз, әже – бабушка
Оқу іс-әрекет кезеңі
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Балалар іс-әрекеті |
Мотивациялық оятушылық | Шаттық шеңбер: Ұмытпайық таңертең, Әлемге күлкі сыйлауды. Кел балалар күлейік Күлкімен түлейік.
Бір-бірімізбен амандасып, жылы жүзбен қарайық. Тосын сәт: Есік қағылып, Әже қонаққа келеді. Амандасып, балаларға Наурыз мерекесін тойлап, қонаққа келгенін айтады. — Балалар, бүгін бізде көркем әдебиет оқу іс-әрекеті. Осы іс- әрекетімізде көктем мерекесі Наурыз туралы әңгімелесіп, тақпақ жаттаймыз. | Балалар шаттық шеңберін өте қызығушылықпен орындайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
| Тәрбиеші: — Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? — Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады? — Өте дұрыс, 8-наурыз Аналар мерекесі өтті, енді 22-Наурыз күні (Қазақ халқының жаңа жылы — Наурыз мерекесі басталады). — Мына суретке қараңдаршы, не көріп отырсыңдар? — Бұл суретте Наурыз тойын тойлап жатыр. Наурыз – жыл басы, бұл күні күн мен түн теңеледі, мерекеде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барып, ер адамдар төс қағыстырып, палуандар күресіп, жастар алтыбаққан тебеді, наурыз көже пісіреді, қарт аталар баталарын береді, өлең айтып, би билеп тойлайды. — Дұрыс. Мына суреттен не көріп отырсыңдар? — Бұл көктем мезгілінде наурыз айында ауылдан адамдар жайлауға көшіп, төрт түлік төлдейді, жер бетіне көк шығып, гүлдер өседі. Тәрбиеші «Наурыз тойы» туралы өлең жолдарын оқып береді.
Өлең: Наурыз тойы әдемі, Әжем еске түседі. Бізге арнап әдейі, Наурыз көже пісірді — Осы өлеңде не туралы айтылған?
Сергіту сәті: Бүгінгі ел ішінде , Дәстүрді жалғастырған. Ей, менің асқар туым, Қазақы дастарханым. Әже: — Балалар, өте білімді екенсіңдер, тақпақты да жақсы айтады екенсіңдер, жарайсыңдар, мен сендерге батамды берейін.
Ұлыс оң болсын, Әр күнің жақсы болсын. Достығымыз берік болсын Білім-өнер серік болсын Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. Қайда жүрсеңде жолың болсын. Әумин! Балалармен қоштасып, сыйлыққа құрт береді. |
көктем
— Аналар мерекесі, Наурыз мерекесі.
— Балалар ойнап, әжелер баурсақ пісіріп жатыр. — жайлауды.
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді
Наурыз тойы туралы
Балалар өз ойларын айта алады.
Бір отырып, бір тұрып, Біз дем алып аламыз
|
Рефлесивтік түзетушілік
| Қоштасу шеңбері: Кел, балалар тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Кездескенше күн жақсы, Сау-саламат болайық. (Қолдарын бұлғайды) Қорытынды: — Балалар, бүгін біз сабақта не туралы әңгіме өрбіттік? — Өлең не жайлы? — Өлең сендерге ұнады ма? — Бүгін сабаққа өте жақсы қатысып отырғандар — ……. Оқу іс-әрекетіне қатысқан балаларды мақтап, мадақтап, сабақты аяқтау. | Оқу іс-әрекетін қорытындылап, қойылған сұрақтарға толық жауап бере алады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қойылған сұрақтарға толық жауап бере алады. Суреттермен жұмыс жасай алады.
Қандай түсініктерді игерді: «Наурыз тойы» өлеңін мазмұнын түсініп, өз сөздерімен айтуға тырысады және жатқа айта біледі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сурет арқылы балалардың зейінін, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту.