Абдикеров Нұржан
Рудный қаласы әкімдігінің
«№19 орта мектебі»КММ
11 «А» сынып оқушысы
Келді бүгін жаңаша күн,
Келді бүгін, жаңа жыл.
Бар түркілер мерекесі,
Келді бүгін Әз-Наурыз.
Әр халыққа бұл мейрамның,
Өз мағына, мәні бар.
Осы мейрам Ұлыс күнін,
Тойлаудың үлкен мәні бар.
Мерекеден қалыс қалмас,
Барша халық, еш бір жан.
Шаттанады, қуанады,
Жас-кәрілер балаша.
Күн мен түннің теңелетін,
Бұл ерекше ғажап күн.
Көріспеген көп жандарды,
Табыстырар ұлы күн.