Home » Жаңалықтар » Наурыз – мектеп үштігін ( мұғалім, ата-ана, оқушы) нығайтатын мереке!

Наурыз – мектеп үштігін ( мұғалім, ата-ана, оқушы) нығайтатын мереке!

Еліміздегі тәуелсіздік алғаннан бері осы Наурыз мерекесі айрықша аталуда. Астана мектебінің әрқайсы да той дәстүрін ереше өткізеді.

Осы Ұлы күнді Астана қаласындағы  №84 мектеп-лицейінде  бір кісідей қатысып көптеген тәрбие сағаттары өтті. Соның ішінде  1 «В», 3 «Ә» сынып оқушылары да керемет  ата-бабамыздың салтында, қазақтың қанымен бойына тараған ұлтжандылықты, ұлттық салт-дәстүрді ойын-күлкі, ән жырымен көрсете білді. 1 «В» және 3 «Ә» сынып ата-аналары белсенді қатысты. Ата-аналар тарапынан  «Тұсау кесу» салт-дәстүрінің  керемет көрінісіне куә бола отырып, әкелер мен аналардың  балалар алдында салт-дәстүрді көрсетуі – бала үшін орасан зор үлгі болды. Өз рөлдерін ата-аналар шебер ойнап, келген  қонақтарды риза етті.

  Тәрбие сағатында түрлі қазақтың ұлттық ойындары ойналды. Сол ойындарда оқушылар белсене қатысты. Мысалы: Арқан тарту, көкпар тарту тағы басқалары. Әбу Есқали, Балғожин Әлихан, Оңалбай Алихан, Омаров Амир.
Ал жеке ән орындау барысында тәуелді әнімен көпшілікті таңқалдырған Бақытжанқызы Инабат пен Жақсылық Айдана өз өнерлерін ортаға салды.

 

 

Ата-анамен сынып жетекші арасында тығыз байланыс және туыстық қарым-қатынас осыдан байқалады. Осындай көптеген тәрбие сағаттары ата-анамен мұғалімді туыстық қарым-қатынасқа жетелейді. Сондықтан осындай тәрбие сағаттары, мерекелік іс-шаралар жиі өткізіліп тұруы керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.