Home » Жаңалықтар » «Наурызға арнау» дербес шығармашылық көрмесі

«Наурызға арнау» дербес шығармашылық көрмесі

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырумен бейнелеу өнерінен мұғалімдердің шығармашылығына байланысты дәстүрлі түрде сайыстар 11 жыл бойы өткізілуде. Аталған сайыстардың қорытындысы ретінде былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» альбомы жарық көрді. Осы іс-шаралардың нәтижесінде 2014 жылдан бастап ізденімпаз ұстаздардың дербес шығармашылық көрмесі ұйымдастыруда. Оның мақсаты: Облысымыздың ерекше талантты ұстаздарының шығармашылық жұмыстарын насихаттау, озық тәжірибелерін көпшілікке таныту. Биылғы жылы 3 наурызда «Туған жер» тақырыбында Алтын Кисамиденова мен Назигүл Ибраеваның шығармашылық көрмесі өтсе, 31 наурызда Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі Займолда Күлжазираның «Наурызға арнау» дербес шығармашылық көрмесі өткізілді. Бұл институттың «Өрлеу» АҚ статусын алғаннан кейін өткізіліп отырған 10-шы дербес шығармашылық көрмесі

Көрмеге: ҚР жазушылар одағының мүшесі Ақын Алақанұлы, ақпараттық pvl.news сайтының корреспонденті Тілеуберді Сахаба, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің корреспонденті Жарқынбек Амантайұлы және «Қазақстан-Павлодар» облыстық телеканалынан Қуандық Танабас шақырылды. Сонымен бірге көрмеге мектеп мұғалімдері, институт қызметкерлері, курс тыңдаушылары қатысты.

Көрменің қонақтары Кульжазираның өзіндік қайталанбас жұмыстарын жоғары бағалап, педагогтің жан-тәнімен жасаған туындыларының ұлттық колориті және орындау техникасының сан алуандылығы, дәстүрлі қазақ мәдениетін жандандырудағы өзіндік көзқарасы, классикалық халық шығармашылығымен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мүмкіндіктері мен эстетикалық талғамын қалыптастырудағы әсерін атап өтті.

Займолда Кульжазираның шығармашылығын талқылау барысында мұғалімдер оқушыларды қолөнерге баулу, үйірме жұмыстарына ынталандыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін барлық оқу орындарында осындай шығармашылық көрме ұйымдастыру керектігі туралы пікір білдірді. Көрмеге қатысушылар білім беру жүйесі қызметкерлерінің ізденісін қолдап, шығармашылық әлеуетін дамытуға, мектеп мұғалімінің беделін арттыруға ықпалы зор екеніне тоқталды.

Мұндай іс-шара мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытып, ізденіске бағыттайды және өзінің өнерін танытудың тиімді тәсілі болып табылады, сондықтан дербес көрмелерді ұйымдастырудың маңызы мен рөлі айрықша.

 

А.Р. Жунусова 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар

 облысы бойынша ПҚ БАИ «Білім

 мұражайы» бөлімінің бастығы 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.