Home » Ашық сабақтар » Нан – ел байлығы. Ирискулова Илмира Абдихановна

Нан – ел байлығы. Ирискулова Илмира Абдихановна

(Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

Білім беру саласы: «Қатынас»

УОҚ: «Көркем әдебиет»

Мақсаты: дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: берілген тапсырманы орындау арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.

Білімділігі: дәндерді қолдарымен ұстатып, топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қол машықтарын жетілдіру. Еңбектерінің жемісін көрсету.

Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, соқалы трактор, масақ, қырман.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топыраққа тұқым егу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.

Көрнекі құралдар: «Нан қайдан келеді?» сериялық суреттер, нан түрлерінің суреттері және піскен нан, ұн, диірмен, масақ, су, жыл мезгілдерінің суреттері, т.б.

Сабақтың байланысы: Тіл дамыту. Айналамен таныстыру.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! (амандасады). Қане, балалар, алдымен әдеп сақтап, төрде отырған үлкендермен амандасып алайық.

Еліміз тыныш болсын,

Отбасымыз аман болсын,

Дастарханнан дән кетпесін

Көңілімізден сән кетпесін.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жылдың неше мезгілі бар?

Кәне атап шығайық.

  • Далада ауа-райы қалай?
  • Балалар көңіл күйлерің қалай?
  • Олай болса, көңілді болғанда не істейсіңдер?
  • Ренжігенде?
  • Қорыққанда?
  • Таңқалғанда?
  • Қуанғанда?

— Ендеше бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

— Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз: көркем әдебиет тақырыбы: «Нан ел байлығы» деп аталады.

— Балалар, мына суреттен нені көріп тұрмыз?  Балалар, көктемде бұл тракторлар жерді жыртып, оны тырмалап, жерге мынадай бидай дәнін себеді (Балаларға бидайды көрсету).

— Екінші суреттен нені көріп отырсыңдар? Егінді орып жүрген комбайн, ол бидайды орып, тазартып, көлікке салып береді.

— Үшінші суреттен нені көріп отырмыз. Диірменнен балалар ұн тартып шығарады (Ұнды көрсету).

— Төртінші суреттен нені байқап отырсыңдар? Ұннан наубайханада әр түрлі нандар пісіріп шығарады, оны дүкендерге балабақшаларға жібереді. (Дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету).

— Міне балалар біздің бүгінгі іс-әрекетіміз ас атасы – нан туралы  болмақ. Балалар, біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен, міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен (Жоғарыдағы суреттерді жекелеп қайталап түсіндіру).

  • Ал сендер күнделікті жеп жүрген нанды біз қайдан аламыз?
  • Аспазшы апайдан сендерге нанды қалай пісіретіндігін көргілерің келеді ме? (Аспазшының нан ашыту, қалыпқа салу, пешке пісіруін видео арқылы көрсету)

Садриддин:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

«Ас атасы – нан,

Нан атасы – дән»

 

Элноз:

Хазинада ғалламиз

Бизларнинг чин талламиз

Тилло унга тенг эмас

Тиллани хеч ким емас.  

 

Раяна:

Нон ёпганда менинг ойим

Ширин кулча ёпади

Кулчалари мазали

Седанали жиззали

Еган сари егим келар

Рахмат ойи дегим келар.

Мадина:

Холам ёпган нон ширин

Биласизми сиз сирин

Кулча ёпсин деб холам

Ўтин тердим бир олам.

 

Марат

Бир буғдой бошоғи

Ховуч-ховуч дон

У менга ва сенга

Ширин тотли нон.

 

Эсманур

Ёмғирдан фойда

Майсага донга

Юрт сероб бўлар

Оқ буғдой нон.

  • Сонымен нанды қалай қастерлейді екенбіз?

Көктемде жерді жыртамыз,

Тегістейміз тырмалап.

Дәндерді оған егеміз,

Жайқалып көктеп шықсын деп.

Күз болғанда орамыз,

Нанға біздер тоямыз.

  • Аспазшылар орталығы:

Топ қыздарына алдын ала иленген қамыр беріледі. Қыздарға ашыған қамырды бауырсақ етіп жаю тапсырылады.

  • Егіншілер орталығы:

Топ балаларына шағын ыдыстағы топырақты аударып, тырмалап бидай дәнін егу тапсырылады.

«Қайдан келдің бауырсақ?»

Дастарханға шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап.

Қайдан келдің бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ.

Дүкенннен келдім нан сатқан,

деді оған бауырсақ.

Дүкенге келдің қай жақтан?

— Диірменнен келдім ұн тартқан,

— Диірменге келдің қай жақтан?

— Диірменге келдім кең жақтан,

Жер анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Балаларға стол үстінде жатқан суреттер арқылы құрастырту, ол суретте нанның қалай келетіні көрсетілген. Ол үшін суреттердің орын-орнын тауып, қоюы керек. Сұрақтар қою арқылы балаларды ауызша бағалау.

Аспазшы апай қыздардың жайған қамырынан бауырсақ әкеліп таратады.

  • Сау, болыңдар!

    Ирискулова Илмира Абдихановна

    «Балапан» бөбекжай-балабақшасының

    ІІ-санатты тәрбиешісі

    ОҚО, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.