Home » Ашық сабақтар » Нан-ардақты, адал ас

Нан-ардақты, адал ас

Қайранбаева Орынгүл Тастанқызы,
Алматы қаласы МКҚК
№110 бөбекжай-балабақша тәрбиешісі

 

 

Білім беру саласы:Таным
Білім беру қызметі: Жаратылыстану
Мақсаты:1.Нанның дастарқанға адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсау керектігін түсіндіру.
2.Оқу қызметінің барысында балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе адамдардың еңбегін құрыметтеуге тәрбиелеу.
3.Дихан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.Өсімдікке өсіп-өну үшін  ауа, су, жарық, жылу қажеттігін білу арқылы зейіндерін дамыту.Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл-ой, белсенділігін арттыру.Өлең, мақал-мәтел арқылы,тіл байлығын арттыру, жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты:Нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Жаңа сөздер:Наубайхана, дирмен, комбайн, дихан.
Ынталандыру: Қонақтармен амандасады:
Үлкенге де  «сіз»,
Кішіге де «сіз», Үлкендерді құрметтеп,Бас иеміз біз.Сәлеметсіздер ме! Ұйымдастыру.Тәрбиеші:Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сол арқылы бүгін  жаңа оқу қызметінің тақырыбымен танысамыз.

Жұмбақ шешу. Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.    (нан) Балалар жұмбақты шешеді. Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз оқу қызметінде «Нан дастарханға қалай келетінін білеміз?»
-Көктемде тракторлар жерді жыртып, жерге мынандай бидай дәнін себеді (балаға көрсетіп, ұстатып,таныстыру).
–Диханшылар жаз бойы егілген дәндерді суғарып, күтіп баптайды.
Диқаншы —егін  шаруашылығымен айналысатын адам.
–Күзде, жаздай күтіп баптаған дәніміз, жайқалып бидай өсіп шығады.Бидайды комбайынмен орып, көліктерге салып береді. Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап,тасуға арналған машина. Көліктермен бидайды элеваторға тасиды.–Ол жерден біртіндеп, дирменге тасиды. Диірмен-дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын. Ол жерден бидайдан ұн тартады.–Дайын болған ұннан наубайханаларда әр түрлі нан өнімдерін шығарады.
Наубайхана-нан  пісіретін,нан жабатын орын.Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам.
–Міне,балалар  нан біздің дастарханымызға осылай үлкен еңбектің арқасында келеді. Қойылым:«Нанды қастерле» балалар сахналайды.Түсінгендерін қайталап айтып береді.Берілген сұрақтарға белсенді жауап беруге әрекет жасайды. Тақпақтар.
Нан-ардақты, адал ас
. Ө.Тұрманжанов. Нан -ардақты, адал ас,
Кәрі,жас одан аттамас.Ақ дастархан үстінде, Қол жумай оны ұстамас.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар
Әсем: Нан Ө.Тұрманжанов Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан-өмірдің ана сүті, арқауы.
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Айзере: Бал да, май да, ет те сені тойғызар.
Тойғызарда бет қаратпай қойғызар,
Бірақ наннан тойсаңдағы шықпайсың.
Өміріңде оның өзге орны бар.
Раяна:
Ардақты Нан! Ана мінез асыл нан!
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан.
Бір күлшеңді мың есе артық дер едім.
Бар дүниенің інжу, гаухар тасынан.
Алтын астық Қ.Мүсірепов.
Көктемде егін егетін,
Күзде жинап беретін.
Біздің дала –бай дала,
Алтын астық айнала,
Ел егінін жинайды.
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Астық –дала сәулеті,

Астық –Отан дәулеті.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Балалар тақпақтарын нақышына келтіріп айтып берді.
Мақал-мәтелдер
Ас атасы-нан»
-Алтын-күміс, тас екен,
Арпа,бидай ас екен.
-Дәнді шашпа, нанды баспа.
-Нан бар жерде, ән бар.
-Нан-тамақтың атасы,
Ынтымақ-көптің батасы
Мақалдардың мағынасын қалай түсінгендерін әңгімелейді.                Тиым сөздер.
-Нанды төңкеріп тастама.
-Нанды бір қолыңмен үзбе.

Сергіту сәті.

Жайқалады ақ бидай.
Басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайын .
Жүргізуге  мен дайын
Дидактикалық ойын: «Нан дастарханға қалай келеді?» Ретімен орналастыр. Мақсаты: Суреттер бойынша нанның дастарханға келу жолын көрсет. Нанның дастарханға келу жолдарын цифрмен белгілейді
Қорытындылау. Балалармен сұрақ-жауап әңгімелесу.
Түсінгендерін толық айтып, әңгімелеп берді.
Адал еңбек барында,
Таза сенің арыңда.
Сол еңбекпен келеді
Күнде жейтін наныңда

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.