Home » Жаңалықтар » Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапхана саласы бойынша өз тәжірибелерін ортаға салмақ

Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапхана саласы бойынша өз тәжірибелерін ортаға салмақ

Үстіміздегі жылдың 29 наурызында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Педагогикалық процеске қатысушылардың ақпараттық дамуында мектеп кітапханасының ресурстары» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп кітапханашылары мен әдіскерлеріне арналған семинар өтті. Аталған шараға Алматы облысының Қарасай ауданы, Жамбыл ауданы, Райымбек ауданы, Талғар ауданы, Капшағай қаласы, аудандық білім бөлімінің 5 әдіскерлерімен орта мектептердің 33 кітапхана қызметкерлері қатысты. Семинар барысында кітапхананы безендіру, кітап оқуды насихаттаудың жаңа әдіс-тәсілдері, WEB 2.0, оқу клубтарын құру тағы басқа тақырыптарда тәжірибелік, мастер класс, тренинг ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты: Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханаларының іс-тәжірибесімен бөлісу, Алматы облысындағы аудан мектеп кітапханашылары арасында серіктестік орнату.

Семинардан күтілетін нәтижелер: Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, ақпараттылық сауаттылық, оқу мәдениетін насихаттау, қазіргі заманғы кітапхана саласына қатысты әдістерді меңгеру

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.