Home » Арнайы жоба » «Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің» тәжірибесі мектептерде

«Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің» тәжірибесі мектептерде

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Н.Ә.Назарбаев

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының мектеп басшысы Қалдықыз Айтжанқызы Мусаева Назарбаев Зияткерлік Мектебінің тәжірибесі «100 кітап, 100 ән» жобасын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25ән, 25 кітап» жобасы деп мектеп тәжірибесіне енгізу қажеттігін айтты. Жобаның мақсаты – оқушыларға қазақ әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту арқылы рухани маңыздылығын жеткізу және халық әндері мен тәрбиелік мәні зор фольклорлық әндерді насихаттау.

Оқу ісінің орынбасарларымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, музыка пәнінің мұғалімімен, кітапханашымен пікірлесе отырып, «25 ән, 25 кітап» жобасына қай сыныпты таңдау керектігін анықтадық. 3-сыныптар –«25 ән», 5-6-сыныптар -«25 ән», 7, 8,10-сыныптар — «25 кітап» жобасы бойынша таңдалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, музыка пәнінің мұғалімдерінің шешімімен «100 кітап, 100 әннің» ішінен оқушының жас ерекшелігіне сай кітап пен өлең тізімі жасалып, директор жанындағы кеңесте бекітілді.

Оқу үрдісі кезінде оқушылар мен оқытушыларға көмек көрсету, ақпараттық ресурстарға толық және тез арада қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында көрме ұйымдастырылды. Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын анықтау мақсатында «Әдебиет пәнінен көркем әдебиетке» атты сауалнама алынып, мониторинг жасалды. Оқушыларды кітап оқуға, түйінді ойды таба білуге, шығарманың тақырыбы мен идеясын аша білуге дағдыландыру мақсатында конференция мен марафон, оқырмандар көшбасшысын анықтайтын сайыстар өтті. Байқауға қатысқан 7, 8, 10-сыныптардан сауалнама алынды.

 

 

 

 

 

 

 

7-сыныптар бойынша:

7 «Г» сыныбы -1-орын;

7 «Б» сыныбы -2-орын;

7 «А» сыныбы -3-орын;

8-сыныптар бойынша:

8 «Б» сыныбы -1-орын;

8 «А» сыныбы -2 –орын;

8 «В» сыныбы -3 –орын;

10-сыныптар бойынша:

10 «А» сыныбы — 1-орын;

10 «В» сыныбы -2-орын;

10 «Г» сыныбы — 3 –орын;

Жеке оқырмандар бойынша:

7-сыныптар бойынша:

7 «Б» сынып оқушысы Тыныштықова Сымбат -1-орын;

7 «А» сынып оқушысы Жарасова Нұрай – 2-орын;

7 «Г» сынып оқушысы Көкек Перизат -3-орын;

8-сыныптар бойынша:

8 «Б» сынып оқушысы – Садыбекова Жанель -1-орын;

8 «В» сынып оқушысы –Мақажан Мариям — 2 –орын;

8 «Б» сынып оқушысы – Рахманов Сардарбек –3 –орын;

10-сыныптар бойынша:

10 «А» сынып оқушысы – Нүкетай Нұргүл -1-орын;

10 «А» сынып оқушысы – Ағзам Аяулым   -2-орын;

10 «А» сынып оқушысы – Кабиден Айым -3 –орын.

Жүлделі орын алған сыныптар бағалы сыйлықтармен (телевизор, принтер, диспенсер), жеке оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Қазақ халқының әндері арқылы насихатталатын құндылықтарды меңгерту мақсатында ұйымдастырылған «Ән – көңілдің ажары» атты 3,5,6 –сынып оқушыларынан ең үздік әнші және ең үздік сыныптар анықталып, жүлделі орын алған сыныптар бағалы сыйлықтармен (телевизор, принтер, диспенсер), жеке оқушылар мен сыныптарын жан-жақты дайындаған сынып жетекшілері мақтау қағазымен марапатталды.

3-сыныптар бойынша:

3 «Г» сыныбы 1-орын, сынып жетекшісі Узбекова Сәуле;

3 «Б» сыныбы 2-орын, сынып жетекшісі Жұбанышева Гүлнар;

3 «В» сыныбы 3-орын, сынып жетекшісі Савлиева Ләззат;

5-сыныптар бойынша:

5 «В» сыныбы 1-орын, сынып Шормантаева Лиза;

5 «А» сыныбы 2-орын, сынып Сабенова Разия;

5 «Б» сыныбы 3-орын, сынып Альчинбаева Гүлнар;

6-сыныптар бойынша:

6 «В» сыныбы 1-орын, сынып Бекжанова Салтанат;

6 «Б» сыныбы 2-орын, сынып Сабенова Разия;

6 «А» сыныбы 3-орын, сынып Алпысбаева Раушан.

Жас мамандар онкүндігі аясында өткен «Үздік жас маман -2017» байқауында «Кітапқұмар жас маман», «Ең үздік әнші» номинациялары тағайындалып, сұрақтарға жауап бере білген, әнді нақышына келтіріп орындаған жас мұғалімдер марапатталды.

Кітапхана қорын молайту мақсатында мұғалімдер ұжымы мен ата-аналар артық кітаптарын өткізіп, ресурстармен бөлісті, мектепке кітап сыйлау акциясы жүргізіліп, ең көп кітап өткізген адамдарға мақтау қағаздары берілді.

Оқушылар мен мұғалімдерден жоба туралы көзқарасын білу үшін өзін-өзі басқару ұйымы бейресми сұхбат, яғни оқушы үнін алды, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері эссе жаздырды.

Туған жердің мәдениеті мен  салт-дәс­түрлерін дамыту үшін айрықша іңкәрлікпен ат салысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Ұжым болып сыныптан тыс уақытты тиімді пайдаланып, ән жаттап, кітап оқуды жалғастыру қажет деп таптық.

 

Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы

Ғ.Мүсірепов атындағы

№86 мектеп-гимназиясы

директордың ғылыми-әдістемелік

істер жөніндегі орынбасары,

Алматы қаласы,

Әуезов ауданы,

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.