Home » Жаңалықтар » «Зияткерлік мектеп оқушысына ұсынылатын 100 кітап» жобасының тәрбиелік мәні

«Зияткерлік мектеп оқушысына ұсынылатын 100 кітап» жобасының тәрбиелік мәні

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде заман талабына сай зияткер тұлға қалыптастыру мақсатында «Туған елге тағзым», «Қоғамға қызмет ету», «2 апта ауылда», «Ата-ана жұмысында 10 күн», «Discover Kazakhstan», «Ақылды бейсенбі», «Bookcrossing» атты оқушыларды ғылыми және шығармашылық ізденіске дағдыландырып, рухани азықтандыратын және патриоттыққа тәрбиелейтін жобалар мен акциялар жұмыс істеуде. Солардың бірі «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасында  Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ дайындаған 100 кітаптың тізімі көрсетілген. Олар 60 қазақ әдебиетінің, 40 шетел әдебиетінің классикалық үлгілері, оның ішінде 20 ағылшын тіліндегі, 20 орыс тіліндегі әдебиет.

Оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыра отырып, қазақ және шетел әдебиеттерінің алтын қорындағы озық туындыларды оқытуды мақсат еткен жобада әр кітап жазылған тілінде оқытылады. Осындай игі бастама Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де жолға қойылған. Бүкіл мектеп қызметкерлері, ұстаздар қауымы мен оқушылар әр аптаның бейсенбі күні 30 минут уақытын кітап оқуға арнайды. Аталған жоба аясында оқушы оқыған кітаптардан рухани жан азығын алып қана қоймай, көркем сурет, кескіндеме, графика және компьютерлік меңгеру дағдыларын дамытып, түрлі байқауларға қатысуға мүмкіндік алады. Алдағы уақытта жоба бойынша оқушының түрлі дағдыларын дамыту мақсатында «Кейіпкер күнделігін» жүргізу, «iBooks Author» бағдарламасын игеру арқылы электронды кітап дайындау жоспарланып отыр.

Рабиға Мекембайқызы Кенжебаева
Педагог-куратор

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.