Home » Жаңалықтар » Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Республикалық «Bookcrossing» кітап алмасу акциясы өткізілуде

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Республикалық «Bookcrossing» кітап алмасу акциясы өткізілуде

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күні аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Республикалық «Bookcrossing» кітап алмасу акциясы өткізілуде.

2016 жылы 5 желтоқсан күні пилоттық №76 мектеп-лицейіне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Астана қаласындағы Зияткерлік мектептерімен бірге «Bookcrossing» кітап алмасу акциясын өткізді. Жоба аясында мектеп оқушыларына 500-ден астам кітап даналары тарту етілді.

Құттықтау сөзімен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымыны атынан Басқарушы директор Айгүл Казжанова және Білім беру саясаты және бағдарламалары департаменті директорының орынбасары Жұлдыз Сүлейменова сөйледі. Олар оқушыларды «Bookcrossing» кітап алмасу акциясының тарихымен таныстырып өтіп, барлық қатысушыларды Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығымен құттықтады. Сөз соңында балалар арасында патриоттық викторина ұйымдастырып, сергіту сәтін жүргізді.

Келесі құттықтау сөзі №76 мектеп-лицейінің директоры Сапура Түлековаға берілді. Сапура Сейдуалиқызы Зияткерлік мектептер басшылығына алғысын білдіріп, Астана қаласындағы Зияткерлік мектеппен тәжірибе алмасу жұмысы бойынша жоспарланған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Ұйымдастырылған іс-шарада жиналған қонақтарға Зияткерлік және мектеп-лицейінің оқушылары арнайы даярлаған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Онда сахнада өнер салған оқушылар келген қауымды алдымыздағы айтулы мерейтой – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен құттықтап шықты.

Кітап саяхаты – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі дәстүрлерінің бірі. Оның негізгі идеясы – оқушы өзіне ұнаған кез келген бір кітапты алады, бірақ орнына басқа екі кітап әкеліп қою тиіс. Өскелең ұрпақтың арасында кітап оқу мәдениетін тәрбиелеу, оқуға қызығушылықты арттыру мақсатымен ұйымдастырылатын жоба. Өз кезегінде бұл тәжірибе мектептер арасындағы байланысты нығайтып, еліміздің білім беру мекемелерінің кітапхана қорын толықтырып, жаңартады.

«Вookсrossing» әлеуметтік жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісінде 2010 жылда бастау алады. Осы уақыт ішінде еліміздегі жалпы білім беру мекемелеріне 15 000-нан астам кітап даналары тапсырылды. Кітаптың ішіне оқушылар аталған кітап туралы ой-пікірін, алған әсерін жазып, кітаптың келесі оқырманына арнаған ұсыныстарын қалдырады. Осындай тәжірибе арқасында Кітап саяхатшысының сөресі әрқашан кітапқа толып, жаңарып отырады.

2016 жылы «Білімнің көзі — кітапта» әлеуметтік іс-шарасы аясында қалалық және ауыл мектептеріне қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 4 мыңнан астам кітаптар орта мектептердің кітапханасына табысталды.

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be1-1 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be1-2 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be1-3 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be1-5 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be1-6 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be1-7

 

Жазира Асанова,
Астана қаласындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз хатшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.