Home » Ашық сабақтар » Нажмадинова Ж.

Нажмадинова Ж.

Нажмадинова Ж.,
Ақтөбе қаласы, №11 мөлтек ауданы,
№21 мектеп гиназиясына дейінгі
«Кәусар бұлақ»шағын орталығының тәрбиешісі

Жыл басына таласқан хайуанаттар (ертегіні сахналау)

Білім беру саласы: Коммуникация.
Ұ.О.Қ : Драма. Үш тілде сахналық қойылым.
Мақсаты: Қазақ ертегілері, олардың ерекшелігі, сахналау арқылы театрландырғн іс әрекет арқылы балаға рухани адамгершілік тәрбие беру. Мазмұнын таныстыра отырып жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету.
Әдіс тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сахналау.
Көрнекілігі: жануарлардың бетперделері, киіз үй, тау күн макеті, ағаштар.
Оқу қызметінің кезеңі.
Ұйымдастыру кезеңі:
Т: Ерте- ерте ертені
Аңыз қылған ән қылған.
Кел ертегі тыңдайық
Ата бабаң қалдырған
Т: Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Енді осы ертегі кейіпкерлерін әр қайсысымыз рөлге бөліп ойнаймыз.
Автор:
-Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жиналып, «Жыл басы» болуға таласыпты.
Сонда Жылқы айтыпты: -(қазақша)
-Қымыз берген Жылқымын
Көк шалғынға аунаймын
Мінгізіп ап балаларды,
Желдей ұшып зулаймын
Адамға менен пайдалы мал жоқ
Жыл басы мен боламын.
Сонда түйе оған; (қазақша)
Мен түйемін таудаймын
Керуен тартар қуатым
Көп күн шөлге шыдаймын,
Дертке шипа шұбатым
Жыл басы болуға мен лайықтымын.
Барыс: (қазақша)
-Тоқта, тоқта кербез түйе! Сен бойыңа сенсең мен күшіме сенемін. Ендеше неге мен жыл басы болмаймын.
Сиыр: (ағылшынша)                                                         
Мен мүйізді сиырмын, бұзауымды іздеймін
Сүт пен қаймақ беремін, Жыл басы болуға мен лайықтымын.
Ит: (орысша)
-Қысы жазы адамға Серік болып жүреміз
Күзетеміз қойларды Қасқыр келсе үреміз
Қоян: (ағылшынша)
— Аппақ қоян ақ қоян сондай қорқақ сақ қоян
Қой: (орысша)
Мен момақан қойыңмын ешбір жанға тимеймін
Жүн беремін киімге Өзім бірақ кимеймин
Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімнен киіз басады, киім тоқиды арқан жіп еседі Сүтімнен құрт май алады. Адамға менен пайдалысы жоқ, Жыл басы мен боламын.
Әтеш:(ағылшынша)
Күні бойы қыт қыттап көң тырнаған тауықпын
Балақандар жесін деп көп жұмыртқа тауыппын Мен жыл басы боламын ерте тұрып таң атты деп хабар беремін.
Ұлу Жылан Маймыл Доңыз: (бірге айтады) (орысша)
-Неге тек күштілер ғана жыл басы болу керек. Жыл басы болу үшін ақыл мен ой керек
Тышқан: Таласқаннан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұрайық. Кім бірінші күннін көзін көрсе сол Жыл басы болсын.
Бәрі бірге: «Міне табылған ақыл»
Барлығы көздерін жұмады.
Күн көзі жиектен қылаулап көріне бастайды.Мұны байқаған тышқан:( ағылшынша) 
-Алақай алақай
Күнді көрдім алақай
Қулығыммен, ақылыммен
Бәрін жеңдім алақай
Автор:Бәрекелді! Міне нағыз жыл басы ақылды тышқан болды.Ал қалған хайуанаттар алға жылжи бастады. Ал түйе болса сол ұйықтаған жерінді күнді көре алмай жыл атауынан құр қалыпты.
Түйені оятып: Түйе мырза сен әлі ұйықтап жатырмысыз! Мына жұрт жылды бөлісіп те алды Кел кім кімнен кейін екенін білейік
Хормен: Тышқан, Сиыр,Барыс,Қоян,Ұлу,Жылан,Жылқы,Қой,Мешін,Тауық,Ит, Доңыз. Санап жаттап біліп қой.
Қорытынды:
-Сонымен балалар ертегі сендерге ұнады ма?Бүгінгі оқу қызметінде не өттік?
— Жарайсындар барлықтарыңызда жақсы қатыстыңыздар. Бүгінгі оқу қызметі аяқталды. Сау болыныздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.