Бала табиғатынан білуге құмар, тумысынан өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып жатқан заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. Қазіргі кезде М.Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе 1 жастан 6жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалды өзі таңдай алады. Сонымен қатар, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» деп аталатын бес білім беру саласы бойынша ортаны ұйымдастыру қарастырылған. Бұл білім беру салалары М.Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес келеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бір жас пен алты жас арасындағы балалардың дамуының сензитивті кезеңдерінің өзара байланысын қамтамасыз ету қарастырылады. Бұл кезеңдер М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінде де егжей-тегжейлі жазылған.
Балабақшалардың жай топтарында балалар белгіленген ережелер бойынша және ересектердің бақылауында ойнап, білім алады. Мұндай тәртіп сақталған, себебі дәстүрлі әдістемелер арасында ғана балаларды ересектердің талаптарын қатаң шектеулермен орындауға үйретуге болады. Әрине, жақсы тәрбиеші ойын ұйымдастырып, не кітапша оқып баланы қызықтырады, аппликация жасауға және қағаздан жасалған ойыншықтарды желімдеуге үйретеді. Баладан сол нәрсені шынымен істеуге құлқы бар ма деп сұрау сирек кездеседі. М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасауға, таңдау жасай алуына, қай ойыншықпен ойнауына қолайлы жағдай туғызады. Осы себепті баланың танымдық қабілетін дамытуға бөбекжайда оқыту және тәрбиелеу үрдісінде Монтессори әдісіне негізделген ойындар қолданылады. Тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және жеке балалармен жұмыстанғанда көптеген ойындарды қолданады. Мысалы: геометриялық денелер, баулары бар рамкалар, цилиндрлер блоктары, шулағыш қорапшалар,конструкциялы үшбұрыштар, түрлі-түсті қақпақтар, кеңестік құмдар т.б. Балалар осы әдіс арқылы түрлі қасиеттерді, түстерді, пішіндерді, кеңістікте қалай орналасуы туралы түсініктерді өте жақсы меңгереді.
Тәрбиеленушілер еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі – ішкі дүниесін тәртіпке баули отырып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады. Балабақшалардың жай топтарында балалар белгіленген ережелер бойынша және ересектердің бақылауында ойнап, білім алады. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала, жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды. Бұл әдістің тиімділігі – балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйренеді. М.Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі жан-дүниесімен таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңіреді. Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастырды.
М.Монтессори әдістемесі баланың назарын дамытуға, шығармашылық және логикалық ойлауға, жадын, сөйлеу қабілетін, қиялын, маториканы қалыптастыруға көмектеседі. Бұл әдістемеде айналадағы адамдармен араласу дағдысын меңгеруге септігін тигізетін ұжымдық ойындар мен тапсырмаларға аса мән беріледі. Сондай-ақ баланың дербестігін дамыту үшін күнделікті өмірдегі әдеттерді меңгеруіне көмектеседі.
Семгалиева Галия Байтимқызы,
Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы,
№9 «Еркемай» бөбекжайының әдіскері.