Ағымдағы жылдың 27 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы Анар Қайролдаеваның ұйымдастыруымен мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған «М. Монтессори педагогикалық жүйесін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде қолдану» атты семинар өтті. Семинардың мақсаты: Мария Монтессори педагогикасын мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолдана отырып, балалардың қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Балаға өзін-өзі тәрбиелеуге, өз бетінше оқуға,
өз бетінше дамуға жағдай жасау; - Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, әртүрлі жаттығулар арқылы дамыта отырып, ұйымшылдық, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру;
.Монтессори материалдары мен ортасын теориялық тұрғыда талдау,ақпараттармен қамтамасыз ету;
.Балаларды өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Аталған семинарға Алматы облысының 15 ауданы, 2 қаласының мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері қатысты. Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина ашты.
Шара барысында Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы Қайролдаева Анар – «М. Монтессори педагогикалық жүйесін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде қолдану»; Талғар ауданы, №7 «Айгөлек» б/б Ташкенбаева Ақерке – «Біздің балабақшадағы жаңа технологиялық бағыт»; Кербұлақ ауданы, «Ақтиін» балабақшасы Омашева Роза – «Заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» және т.б. МДҰ тәрбиешілері баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен бірге, институттың М.Монтессори кабинетінде практикалық жұмыс жүргізіліп, семинарға қатысушылар М.Монтессори педагогикалық жүйесінің элементтерімен танысты.
Айгүл НҰРАҚБАЕВА,
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы
«Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты»,
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі
бөлімінің бас маманы