2018 жылдың14 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ базасындағы жабдықталған М.Монтессори кабинетінде «М.Монтессори әдістемесі бойынша оқыту ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға аудан және қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері, педагог-психологтері, педагог-дефектологтері, барлығы 38 тыңдаушы қатысты.
Семинар аясында М.Монтессоридің «еркін тәрбиелеу» педагогикасы, оның қағидаларына негізделген әр баланың табиғи даму аймақтарының дидактикалық материалдары және оны қолдану әдістемесі таныстырылды. М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін мектепте дейінгі ұйымдардың оқу іс-әрекеттерінде, бастауыш сынып оқушыларын және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесіне енгізу бағыттары көрсетілді.
Жумагалиева Д.Ш.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ,
кафедра меңгерушісі