Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Оқу іс-әрекеті: тіл дамыту, жаратылыстану, сурет.
Мақсаты: Балаларға судың адам үшін де, жалпы тіршілік үшін де қажет екендігін түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалану, суды ластауға болмайтындығы жөнінде түсініктерін қалыптастыру. Табиғат байлығына қамқор болу дағдыларын жетілдіру.
Әдіс тәсілі: Тәжірибе жасап көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Көрнекіліктер: тәжірибеге қажетті құралдар, су құйылған ыдыстар, судың суреті, сюжетті суреттер.
Әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс— әрекеті | Балалардың іс—әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушы-ізденуші
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс Рефлексивті-коррекциялаушы | Шаттық шеңбері Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, Баршаңызға құрметпен, Бас иеміз біз! 1.Жұмбақ шешкізу. Дәмі де жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ? Ол не? — Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, жұмбақтың шешуі – су. — Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы – «Мөлдір су». — Балалар, мен сендерге су туралы өлең оқып берейін. «Су» Су деген – өмір көзі, Тіршіліктің нәрі бұл. Су болмаса оянбайды, Табиғаттың барлығы. Болмас еді шөп-шалаң, Болмас еді тірі жан. — Балалар, осы өлең жолдарында айтқандай, су болмаса тіршілік болмайды. 2. Суретпен жұмыс.
Су – мөлдір, сұйық зат. Оның түсі, пішіні болмайды. (Стақандағы суды көрсету)
— Су адамға не үшін қажет екен? — Суды ішеміз, тамақ әзірлеу үшін пайдаланамыз, шомыламыз, киімді жуамыз, үйді тазалаймыз. -Ал енді су кімге және не үшін қажет екенін білесіңдер ме? — Иә, сусыз адам да, жануар да, өсімдік те тіршілік ете алмайды. Көрдіңдер ме, балалар судың қажет емес жері жоқ, сондықтан да суды үнемдеп пайдалану керек, суға қоқыстар тастауға болмайды. “Су – тіршілік көзі” деп бекер айтпаған. 3. Тәжірибе жасап көрсету. — Мына екі ыдыстағы мөлдір судың біреуіне аз ғана топырақ салып көрейік. Судан қандай өзгеріс байқадық? Енді оны іше аламыз ба? Сондықтан, суды әрқашан таза ұстауымыз керек. 4. Мақал-мәтел, тиым сөз айту 5. “Су айналымы” ертегісін оқып беру. Ертеде су болмай, құстар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер солып қалыпты. Қурап қалған ағаштарға Аяулымның жаны ашыпты. Ойланып тұрып, Аяулым Күнненкөмек сұрайды. Осы кезде Күн көмекке келеді. Жердегі су Күннің ыстығынан буға айналып, аспанға көтеріледі де, бу бұлтқа айналады. Бұлтты жел қуалап, су түйіршіктер іжерге жаңбыр болып жауады. Жаңбырдан соң жер тыныс алады. Шөлін қандырған өсімдіктер, құстар, жан-жануарлар Аяулымға рахметін айтады.Сөйтіп жер беті құлпырып кетеді. 6.Ойын: “Күн мен Жаңбыр” Ал, балалар, біз жана сусыз адамдар да, жануарлар да өмір сүре алмайтынын білдік.
Жұмбақ жасыру. Жер бетіне бір шықпас, Су түбінде тұншықпас. Сөйлемейді, үндемейді, Пісірсе оны кім жемейді. Ол не? «Балықтар» слайд көрсету. Жарайсыңдар, балалар, біз қазір картоп бастырмасымен балықтардың суретін саламыз. Жұмыс барысын түсіндіру. Балаларды сұрақ-жауап әдісімен оқу іс –әрекетін қорытындылау, мадақтау. | Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыс жасайды.
Су
Кәусар Су бергеннің сауабы бар, Су төккеннің жауабы бар. Бауыржан Судың да сұрауы бар. Фатима Су анасы бұлақ, Сөз анасы құлақ. Ариана Суға түкірме.
Балық
Сау болыңыздар! |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: судың мөлдір болатынын және тіршілік үшін (адам, жануарлар,өсімдіктер) қажет екендігін;
Болу керек: су туралы өлең, ертегі, тыйым және мақалдар;
Үйрену керек: судың тіршілік үшін қажет екендігін ұғынып, оның маңызы туралы білімді.
Пардабаева Г.
МКҚК «Айгүл» балабақшасы, тәрбиеші
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы