Home » Баяндамалар » «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептің негізгі бағыты

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептің негізгі бағыты

              «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Ал ең бастысы – еліміздің рухани  көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
«Мәңгілік ел» идеясы – еліміздің өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
Бұл дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретін сөзсіз. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма бес жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.                       Заман талабының даму тірегі – білім. Мектеп – біліммен қаруландыратын, білімнен нәр беретін орда. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. Бүгінгі басты мақсат – орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында жұмыс істеуге дайындау арқылы мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім беру­дегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді. Пе­да­гогтарды бұл бағытта даяр­лау нәтижелі жүруде.
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасын жүзеге асыру алғы шартта тұрғаны баршамызға аян. Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып, тәрбиелейтін мұғалім шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болса, онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, сауаттылық, танымдылық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалары:

  1. Баланы оқи білуге үйрету.
  2. Баланы ойлауға үйрету.
  3. Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау;

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті — оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау  жасауға  талпыныс беру. Осы қажеттіліктерді оқушыларға меңгерту барысында жобалық оқыту әдісін тәжірибеге енгізудің маңызы зор.
Жобалық оқытудың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына жобалық оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін үйрету, сабақтары барысында және сабақтың тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау. Оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс-тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету. Осының негізінде мына міндеттерді жүзеге асыру қажет:
-оқушының ғылыми – зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыру;
-жобаның кезеңдерінің технологиясын меңгеру және оқу-тәрбие үрдісінде қолдану;
-оқушы тұлғасының  өзіндік дамуын жүзеге асыру;
-оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
-оқушыларға болашақ мамандықтарды жобалауға, оған дайындалуға жәрдемдесу;
-оқушының шыңармашылығын дамыту;
-оқушы дамуына мониторинг жүргізу.
Жобалық оқыту әдісін қолдануда күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға, тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру формларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау.
Жоба – мұғаліммен ұйымдастырылған  және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі. Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі алдыға қояр мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыда ойлау қабілетін арттыру арқылы әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу 2050 жылға дейінгі мақсат пен міндеттерімізді айқындап алуымыз – заңды құбылыс. Елбасының «Қазақстан жолы – 2050» бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, салмақты жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда біздің ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын.
Қорыта айтатын болсақ, бүгінгі таңда танымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді қолдана білсек, білім нәтиже мен сапалық көрсеткіштерін арттыруға қиын соқпас еді. Еліміз қарыштап дамыған сайын, қоғамның барлық саласына дерлік өзгерістер енгізіліп,  заман талабына сай жаңаруда. Соның ішінде елеулі өзгерістер мен оқыту барысындағы көптеген жаңа әдістермен толықтырылып отырған білім беру жүйесінің де жаңғыруы заңдылық. Осы орайда, мектеп жұмысының да күннен-күнге құбылып, түрлі өзгерістерге ұшырап жатқандығы сөзсіз. Қазіргі инновациялық қоғамда оқушылардың ақпарат алу көздері көбейіп, әлеммен байланыс жасауды еркін меңгергендігін ескерсек, мұғалімдердің де, оқушылардың да қабілеттеріне деңгейіне сай ескі әдістен арылып, жаңалықты жоғары деңгейде меңгерген болулары шарт. Сонымен қатар, мектеп басшыларының өзгеріс талаптарына тез бейімделгіш және өз ұжымдастары мен жалпы қоғамды оң өзгерістерге сендіре алатындай шебер көшбасшысы болуы заман талабына айналып отыр.  2015-2016 оқу жылы жаңартылған білім беру мазмұнын негізге ала отырып бірнеше мұғалімдер білімдерін жетілдірді. Олар: 1-ші сыныпты оқытатын 6 мұғалім, орыс тілі пәнін оқытатын 2 мұғалім, ағылшын тілі пәнін оқытатын 2 мұғалім, музыка пәнін оқытатын 1 мұғалім. Дене шынықтыру пәнінен 1 мұғалім. Мектепте  екінші деңгейлік курстардан өткен 3 мұғалім, үшінші деңгейлік курстан 9 мұғалім, тренерлік курстан өткен 2 мұғалім жұмыс жасайды. 1 мұғалім қазіргі таңда 1-ші деңгейлік курста оқу үстінде. Мектептің даму жоспарының тақырыбы: Бағалау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып,   мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру. Аудан көлемінде деңгейлік бойынша Ақмола ауылының №5 мектебімен жолдастық кездесу  өтілді, аудан көлемінде семинар өте жоғары деңгейде өтіп, аудандағы жаңа форматтағы мұғалімдер өзара тәжірбиелерімен бөлісті.

Жетістіктері:
1.Желілік қоғамдастық аясында тәжірибе алмасты;
2.Мұғалімдер оқытудың әдіс-тәсілдерін түрлендіруге тырысты;
3.ОМЖ -ны, ҚМЖ-ны құруға үйренді;
4.Коучингтер мен тәлімгерлік арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсетілді;
5.Lesson Study үдерісінде тізбектелген сабақты зерттеді;
6.Оқушы білімін шынайы бағалауды үйренді;
7.Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалауды жүзеге асырды;
8.кәсіби дамуына ықпалы зор болды.
Пайдаланылған әдебиетер тізімі:

  1. Қазақстан патриоты. №3 (58) мамыр-маусым 2016ж; 11бет.
  2. Егемен Қазақстан №179(28907) 20.09.2016ж 1-4 бет.
  3. Болашағымыз бірлікте kazinform (Халықаралық ақпарат агенттігі) Елжан Ералы.
  4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқыныңда – Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010-232 бет.

Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 10.02.2014ж.

 

 

 

 

 

А.Ө.Камелова
 №2 орта мектеп ММ
Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Қараөткел ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.