Home » Жаңалықтар » «Мәңгілік ел» құндылықтары жаңартылған білім мазмұнының ажырамас бөлігі»  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді

«Мәңгілік ел» құндылықтары жаңартылған білім мазмұнының ажырамас бөлігі»  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2018 жылдың 10 қазаны күні  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея мәнмәтініндегі оқу мен тәрбие идеяларын жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асыру бойынша педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, тәжірибе бөлісу, пікір алмасу, ой талқылау мақсатында  «Мәңгілік ел» құндылықтары жаңартылған білім мазмұнының ажырамас бөлігі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын  оn — line режимінде ұйымдастырды.

Конференция  жұмысына республика ғалымдары, біліктілікті арттыру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының, облыстық (қалалық/аудандық) білім басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері, барлық білім беру ұйымдарының педагогтары қатынасты.

Шараға қатынасушылар   «Мәңгілік Ел»  құндылықтары мен жаңартылған білім  беру жүйесіндегі оқу және тәрбиелеу үдерісіндегі  тиімді тәжірибелерге талдау жасап, тың идеяларымен, нәтижеге бағытталған озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция қорытындысында ұсыныстар қабылданды, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.