Home » Балабақша » Мәңгілік ел – Қазақстан

Мәңгілік ел – Қазақстан

 Гүлфира Саясатқызы Саясатова,
№46 «Ақжайық» бөбекжайының тәрбиешісі,
Орал қаласы, БҚО

 

 

 

Мақсаты: Балалардың Отан, Рәміздер, Елтаңба, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Тақпақ айту, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу

Тәрбиеші: Балалар мына «жүрек» шарды алып, шын жүректен бір-бірімізге жылы тілектерімізді тілейік.

Нұрлы күн болсын!

Елімізде бейбітшілік болсын!

Елбасымыз аман болсын!

Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Ана тілімізді құрметтейік!

Рәміздерді құрметтейік!

Еліміз, жеріміз бай болсын!

Деніміз сау болсын!

Балабақшамыз гүлдене берсін!

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Күн дидарлы Қазақстан» деп аталады.

Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан.

Қазақстан қандай мемлекет? Тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Еліміздің Тұңғыш Президенті кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Еліміздің елордасы қай қала? Астана.                                                                               Астана қандай қала? Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.

Біз тәуелсіз елдің азаматы мен азаматшасы болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің Отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Отан – далаң, орман-тауың, ауылың. Ендеше балалар Отан туралы тақпақты маған кім айтып береді?

Мадина: Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Алихан: Отан деген – атамекен, Отан деген – туған жер,

Отан – ана, Отан – үлкен Қазақстан, туған ел.

Амина: Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

Тәрбиеші: Отанымыз, туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп, жаңарып, өсіп- өнуде. Олай болса, балалар, денемізді сергітіп, ойын ойнап алайық.

Ойын  «Шаңырақ»

Балалар туымыздың түсі қандай? Туымыздың түсі көк.

Иә, өте жақсы. Ал енді, балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық.

Ақбота:Отаным менің Қазақстан, Туың тұр ғой жарасқан.

Жарқырап тұр күнің де, Қыраның тұр көгіңде.

Санжар:   Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің, Ортада – аспан әлемі.

Мариям: Құт-береке шаңырақ, Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген.

Айсар Көк байрақтың бетінде, Қыран бүркіт қанаты.

Сол қырандай еркіндеп, Бала өседі талапты.

Тәрбиеші: Қазақ жері – кең байтақ, ұлан-ғайыр дала, Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл де, шөл де, аймақ та бар. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, кім жауабын тез табады екен?

1 Туымыздан күн қарап,

Күлімдейді әлемге.

Күн астында қандай құс,

Қанат қаққан бар елге.                (қыранқұс)

2 Көк аспанның түсі бар,

Ортасында күні бар.

Қыран ұшқан қалықтап,

Кімнің туы біліп ал.               (Қазақстанның туы)

3 Тәуелсіздік жолында,

Тапқан жолдың шешімін.

Президенті қазақтың,

Айтшы кәне есімін.                  (Н Назарбаев)

Тәрбиеші: Өте дұрыс. Балалар, әр кез өз Отанымызды құрметтейік. Еліміз тыныш, Елбасымыз аман, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.