Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны, ары.
Тіл – қоғамның жемісі. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Тәуелсіз мемлекетімізде бірнеше ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы»,-демекші, елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілімен қатар ресми тіл – орыс тілі еркін қолданылады.
Мемлекетімізде қазақ тілінен басқа тілдердің қолданылуына еш кедергі келтірілмейді. Тілдермен қатар басқа ұлттар өз дәстүрлері мен салттарын ашық түрде қолдануларына жол берілген. Көптеген ұлттардың өз мәдени орталықтары да бар.
Еліміздегі ұлттардың достығын айқындайтын мерекелер қатары аз емес. Солардың бірі – Қазақстан халықтарының тілдері күні.
Үстіміздегі жылы аталмыш мереке жылдағыдай аталып өтуде. Мейрам шеңберінде көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Мәдени шараларға мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды түгелдей қатыстыру жоспарланған. Шараның басты мақсаты – елімізде тұрып жатқан әр ұлттың салт-дәстүрін көпшілікке көрсету.
Ұлттық киім киген басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тілде өлең жолдарын оқыды.
Өзбек ұлты да өздеріне шақырып, назарымызға ұлттық билерін ұсынды. Өзбек тілінде қанатты сөздер, тақпақ айтып, бүгінгі шара ажарын аша түсті.
Қонақжайлылық барлық ұлттарда бар. Украин халқы да осы дәстүрді нық ұстаған. Түрлі дәмнен қайысқан дастарқан басында әр тағам жайлы қысқаша таныстырып өтті және ұлттық билерін ұсынды.
Орыс ұлты би билеп, құймақпен қарсы алды. Орыс тілінде қанатты сөздер, тақпақ, өлен айтты.
Қазақ ұлтты мерекеге дайындығы кіреберістен аңғарылады. Алғашқы кезекте ұлттық биді назарға ұсынған және домбыра тартып оған қосылып ән айтылған.
«Фестиваль қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Безендіру де үш тілде. Зал төбесіне шаңырақ ілініп, халықтар достығы бейнеленген. «Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалды. Мерекелік шара Ново-Урицк орта мектебінде ұйымдастырылды фестиваль жақсы деңгейде өтті. Тілдер фестивалінің өткізілуі жылдан-жылға жақсарып келеді. Оған терең мән беріп, халықтар достығын айшықтаған тілдерді құрмет тұту – бәріміздің міндетіміз.
А.К. Мангужина
Ново-Урицк орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі