Home » Баяндамалар » МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ

МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ

           Жастар акциясы  аясында өткізілген  шараларға біздің колледж студенттері мемлекеттік тілдің абырой-беделін асқақтатуға, дамытуға, жүзеге асуына  қосқан үлестерін мақтанышпен айтқым келеді.
Ұлтымыздың басты рухани діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз»…- деген болатын. Осы ретте өзім еңбек ететін медицина колледжінде мән беріліп, маңызына ден қойылып отырған пәннің бірі қазақ тілімен қатар өзге тілдерге деген құрмет екенін айтқым келеді. Бұған дәлел  Солтүстік Қазақстан медицина колледжі СҚО Қызылжар ауданы Бескөл поселкесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Қазақстан халқы тілдерінің ХҮІІІ облыстық  фестивалінің ашылу салтанатында «Қазақстан халқы тілдерін белсенді насихаттаушы білім мекемесі» номинациясы бойынша  облыс әкімінің дипломына ие болды. Колледж директоры Ахметова М.Б. тілдерді қолдану мен дамыту  аясында, сабақтарды толыққанды дәрежеде  оқыту үшін көп қолдау жасайды. Колледж қызметкерлері үшін тіл үйрену үйірмесі жұмыс істейді. Колледжде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін Ильясова О.Х., Амрина Г.Қ.,Сарқұлов Е.Х., Халитова Р.Н., Альжанова Н.М., Шахметова Х.С., Бектұрғанова А.А., Бурик Н.А. Асқарқызы М.А. сынды білікті оқытушылар оқытады. Оқытушылар студенттерімен бірге түрлі республикалық, облыстық, қалалық тілге байланысты байқауларға, жобаларға жиі қатынасып, түрлі дәрежедегі жүлделергер ие. Жыл сайын колледжде өткізілетін дәстүрлі іс шара «Тіл фестивалі» онкүндігіне оқытушылар белсене қатысып, түрлі танымдылығы мол, қызықты іс шаралар өткізеді. Жыл сайын оқу жылы да осы дәстүррлі мерекемен басталды. Үстіміздегі жылы «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» іс-шараны директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абулкина А.Б. салтанатты түрде ашып, әдеби-сазды сабақ: «Сүйемін қазақ тілін — бабам тілін» жас маман Асқарқызы М., «Бір шаңырақ астында» тақырыбына буклеттер көрмесін оқытушылар Амрина Г.К., Байманова Г.С., кәсіби қазақ тілінен ағылшын тілінде сөйлейтін сырқаттардың ерекшеліктеріне байланысты лингво- психологиялық бірлескен сабақты Бурик Н.А., Әлжанова Н.М.,  «Адам жанының кілті – тіл» квест ойынын Шахметова Х.С., Бектұрғанова А.А., «Жаса, жайна мәңгілік, ана тілім!» үш тілде өлеңді мәнерлеп оқуды Халитова Р.Н.  ұйымдастырды, бұл шарадан топ жетекшілері де сырт қалған жоқ «Менің тілім – менің мақтанышым» атты 1-2 курсқа тәрбие сағаттарын өткізді, сонымен қатар кітапхана меңгерушісі Дегтярева И.А. «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты көрме ұйымдастырды. Жоғарыда айтылған іс-шараларға колледж студенттері белсене араласып тілге деген қызығушылық танытты.
Үстіміздегі жылдың Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілген «Мәңгілік ел – мәрттебелі тіл»  жастар акциясына белсене қатысқаны және жас ұрпақты елін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеудегі табыстары үшін әдіскер — Бадагазина  Н.Н., оқытушылар: Ильясова О.Х., Халитова Р.Н., Амрина Г.К., Бурик Н.А., алғыс хаттары  тапсырылды. Сонымен қатар  тіл мерекесіне байланысты өткізілген түрлі шараларға қатысқандары үшін  мына студенттерге:  Рожелева  И., Евсюковаға М., Слепых А. «Тіл парасат -2016» облыстық байқауға қатысқаны үшін, Елубаева М. «Тіл — тұнық ойдың кәусары» қалалық байқауға қатысқаны үшін, орыс тілінің білгірі «Ой-сана» қалалақ байқауының жеңімпазы Сикибаева К. алғыс хаттарымен марапатталды.  Бұл — мерекелік іс шараға студенттермен қатар бөлім меңгерушілері Мұқашев А.М., Альжанова Н.М., оқытушы Вольхина Т.В. қызметкер Жүнісова І.К. сахнада «Отан-ана» әнін шырқап, тілдің мәртебесін биіктетті. Тіл фестивалі тарихымыздың, тіліміздің, мәдениетіміздің терең екенін бағалауды үйретсе, іс шаралар достық рухқа толы, достығымыздың мықты, тұрақты  екенін дәлелдеді.
Өткен жылдың қараша айында колледж студенттері Ресейдің  Екатеринбург қаласында «Екатеринбург ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының алаңында өткен  8 –інші аймақаралық «Біз біргеміз! Денсаулықтың ұлттық құндылығы — ынтымақтасты  елдердің саулығының негізі»  атты   ұлттық мәдениет  студенттер фестиваліне:   Шкодина Виктория, Абильмажинова Миргуль, Сагитов Сагдат,  Дюсебаев Чингиз, Сон Ира сынды студенттер қатысып, қазақтың көне, әдемі «Беташар» салт-дәстүрін көрсетіп, ұлттық би билеп, халық әндерінен ән шырқап қайтты. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да, біздің осы қоғамдық, ұлтаралық, мемлекет аралық  татулығымыз бүгінде бәріміздің көзімізді жеткізіп, мәртебемізді көтеріп отыр.
             Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі — ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Набиева Гүлзада Нұрахметқызы
Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің
мемлекеттік тілде білім алатын топтардың бөлім меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.