Home » Мақалалар » Мәңгілік ел  идеясы – ұлы дала мұраты

Мәңгілік ел  идеясы – ұлы дала мұраты

            2017 жылы 20 маусымда  аталған тақырыпта Панфилов ауданы А.Розыбакиев атындағы орта мектебінің базасында облыстық семинар-практикум болып өтті.
            Семинардың жетекші идеясы: мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын  дамытудағы   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014, 2015 жылдардағы  Қазақстан халқына Жолдаулары, үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам»Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары, білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Мақсаты: мектеп оқушыларының Мәңгілік Ел құндылықтары негізінде құзыреттілігін дамытудың маңыздылығының теориялық негіздерін анықтау және   оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыра отырып, елін, жерін сүйетін Мәңгілік Елдің ұландарын  тәрбиелеу.
Семинарға  78 педагог қатысты.
«ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Валиева М.У. семинарды салтанатты түрде ашып, семинарға қатынасушыларды  жұмыстың мақсат-міндеті және бағытымен таныстырды.
          Семинар барысында  «Мәңгілік ел идеясы – ұлы дала мұраты» атты  баяндама жасалып, «Мінсіз тұлға » моделін жобалау мақсатында  «шығармашылық серіктестік» орта қалыптастыру, «Мәңгілік ел құндылықтары –мектеп оқушыларының  құзыреттілігін дамыту шарты»  тақырыптарында коучинг ұйымдастырылды.
Панфилов ауданы А.Розыбакиев атындағы орта мектебінің (директор-Толыбаева Ж.Т.) мектеп оқушыларының  Мәңгілік ел құндылықтары негізінде  құзыреттілігін дамытудағы іс-тәжірибесі таныстырылды. Атап айтқанда: «Көптілді оқыту – заман талабы» тақырыбы аясындадағы тілдік лагердің тынысы, «Ғажайып алаң» «Дарын» орталығының жұмысы, «Адал ұрпақ, парасатты азамат» Еріктілер клубының жұмысы, Ұрпақтар сабақтастығы, «Компьютерлік программалау» мультимедиа кабинетінің мүмкіндіктері, «Мәңгілік Ел ұрпақтары дарынды» атты  оқушылар шығармашылығы, «Ширек ғасыр сыр шертеді» тақырыбы бойынша  жұмыстар,  т.б.
Мәңгілік ел идеясы бағытында  оқушылардың құзыреттілігін дамыту бағытындағы мектептің  іс-әрекеті   практикалық тұрғыда көрсетілді. Сондай-ақ семинарға қатынасушыларға  мектеп оқушыларының   Мәңгілік ел құндылықтары негізінде құзыреттілігін дамытудың маңыздылығының теориялық негіздерін практикаға енгізу бағытында әдістемелік нұсқау берілді.
Семинар жұмысы атқарылған  жұмыстарға  аналитикалық талдау жасау,ой бөлісу, семинарға белсене қатысып, шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскен  ұстаздарға институт тарапынан ризашылық білдіру,  алда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен аяқталды.










 

 

Валиева Майра
«Басқару және білім сапасы»
кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.