«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті… Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. «Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман — әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман — тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Мәңгілік Ел идеясының үш негізден немесе үш тұғырдан тұрғаны анық. Біріншісі – Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) саяси акт – «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығуы; екіншісі – Әл-Фарабидің философиялық тұрғыдан негізделуі, үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы. Жүсіп Баласағұнның еңбегіндегі елдегі заңдардың бүкіл халыққа қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеуметтік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт – қазіргі таңда «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың да ұстанып отырған стратегиялық саясаты.
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр деп айтуға болады. «Мәнгілік ел» ұғымы өзінің бастауын сақ, ежелгі түрік уақытынан алады деп, «Мәңгілік ел» идеясы ата бабадан мұраға қалдырылған идея деп тұжырымдауға болады. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен діліне нұқсан келтірмей, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осыны біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.
Мәңгілік елдің қағидалары ҚР Конституциясынан бастау алады. Олар: қазақстанның тәуелсіздігі; ұлттық бірлік, бейбітшілік және қоғамдағы келісім; зайырлы қоғам және жоғары имандылық; индустриализация және инновация негізінде экономикалық өсу; Жалпы Енбек Қоғамы; тарих, мәдениет және тіл бірлігі; ұлттық қаупсіздік және жалпыәлемдік және аймақтық мәселелерді шешуде жахандық қатысу. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Әрине, қазіргі тәуелсіз демократиялық Қазақстан бир шама жетістіктерге жетті. Біріншіден, біздің ел әлемдік қауымдастықта лайықты орын алды. Халықаралық қатынастарда біздің елді іскер және беделді әріптес ретінде қабылдайды. Екіншіден, қоғам мен мемлекет құрылымын белгілейтін біздің Ата заңымыз бар. Оңы халықтық деп есептеуге болады, өйткені оның авторы халық болып табылады. ҚР Конституциясы халықтың бірлігін белгіледі, ортақ тарихи тағдыры бар барлық ұлттарды Қазақстан жерінде біріктірді. Ең алдымен ҚР Конституциясы қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және нығайтуға мүмкіндік береді. Өйткені, реформаның жүргізілуі, демократияның дамуы, жаңа ұрпақтың идеологиясының қалыптасуы, барлық азаматтардың өмір сүруге лайықты жағдайлар жасалуы қоғамдық тұрақтылықсыз мүмкін емес. Осы тұрғыда айтып кету керек, Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері өмір суреді, сондықтан Конституцияда қоғамдық келісіммен саяси тұрақтылық сияқты негізгі қағидалар белгіленген. Көпұлттық мемлекет жағдайында азаматтардың тенділігі, бірлігі, азаматтық бейбітшілік өмір сүрудің негізі болып табылады. Үшіншіден, елімізде манызды реформалар жүргізілді: нарықтық экономика құрылды, демократиялық елдің негіздері қаланды. Реформаларға тоқталар болсақ, мысалы, ҚР Конституциясының 30 бабында «Қазақстан Республикасы азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға және конкурстық негізде тегін жоғарғы білім алуға кепілдік береді» делінген. Осының көрінісі ретінде жоғарғы білім беру саласында мемлекеттік қаржыландырудың мөлшері көбейтіліп отыратының айтып кету керек. Сонымен, «Мәңгілік ел» идеясы біздің мемлекеттің озық, кушті мемлекет болуына кепілдік береді. Әлемдік қауымдастықта бейбітшілік сүйгіш, мейірімді көрші болуға тырысатын мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанның зор болашағы бар, үлкен потенциалы бар деп айтуға болады.
Қорытындылай келе, өз сөзімді Елбасының 2014 жылғы 17 қантарындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы айтқан сөзімен аяқтағым келіп отыр. «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық». Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».
Пайдаланған әдебиеттер:
- Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет
- Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы. 11 қараша 2014 жыл. Қазақстан Республикасы Конституциясы.
- 1995 жыл 30 тамыз. – Алматы: Юрист, 2015. 3. Кызылординские выпускники получают образование в России. http://meta.kz/novosti/kazakhstan/. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандық жол – 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауы. 17 қантар 2014 жыл.
- Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі түркі рух жазбалары (Әдеби нұсқасын жасаған Қадыр Мырза Әли) — Алматы, «Өлке» баспасы, 2001. — 144 бет
- Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі: Монография-Алматы, 1995-2006
- Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян». – Алматы. «Жалын»-1996-464 б
- Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік философиялық талдау. Алматы,2000
- Өсерұлы Н. Қазақтың үкім-кесімдері. – Алматы: Ана тілі, 1994. 104 б.
- Бұлұтай М.Ж. Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды? –Алматы: Білім, 2000. — 504 б
- Мұхтар Арын. «Бес анық» 1996 ж «Арыс баспасы».
Кайрова Тамара Куангалиевна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымы пәндерін оқыту-әдістемесі кафедрасы