Home » Баяндамалар » МӘҢГІЛІК ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІ – ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАДА

МӘҢГІЛІК ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІ – ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАДА

«Қазақ елі тәуелсіздік алғалы қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық… Қазақстандықтар ертеңіне, болашағына сеніммен қарайды», — деді Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында.  Бұл Жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып саналады. «Мәңгілік ел» идеясы – жас ұрпақтың басты құндылығы болып саналады, себебі тәуелсіздігіміздің таңы атып, егемен ел атанған шақта болашақ, жас ұрпақтың тәрбиесі біздің ең басты құндылығымыз болуы керек. Неге десеңіз, Мәңгілік ел – ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді; ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді; біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар; қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады; ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті; мәңгілік ел болу біздің өз қолымызда. Президент өз сөзінде: «Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра алатын ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы… Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деді. Н.Ә.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті. Елімізде барлық жасалатын жұмыс ұлт болашағы үшін жасалынып жатыр. Сондай жұмыстардың, жобаның бірі – республикамызда орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының енуі. Бұл біліктілікті арттыру курсының жалпы мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы еліміздің ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады.
«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблемалар әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, перспективалар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңестік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. ХХІ ғасыр мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғынатын өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек», — деген Англия Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының міндетін атқарушы Андреас Шлейхер мырза. Бұл тұжырым Қазақстандағы оқу бағдарламасын өзгертудің қажеттілігін нақтылай түседі. Технологиялар, коммуникациялар мен ғылым салаларындағы өзгерістер әлемдік экономикаға, ХХІ ғасырда табысты болу үшін әрбір адамзат үшін қажетті білім мен дағдыға терең әсерін тигізуде. Қарқынды жаһандануда халықаралық бәсекелестік артты. Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Көптеген ғалымдар, соның ішінде ағылшын Виллем Те Вельде жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттілігі туралы өз пікірлерін айтты. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген секілді негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты. Қазіргі білім беру жағдайында біздің балаларымыз алған білімдерін өзі өмірінде пайдалана алуы керек.
Балаларымыз күн сайын қарқынды дамып келе жатқан түрлі технологиялар арқылы тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу мүмкіндіктерін пайдалана алуы тиіс. Міне, қазіргі қазақ тілі жаңарту аясында өзгере келе, қазақ тілін оқыту бағдарламасының аясында оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту нәтижесінде оқушылар алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім ала алады. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілі сабақтарында еркін қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, ақпаратты тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті білім ала алады. Осы мақсатта Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тілді кіріктірілген бағдарлама негізінде оқыту жобасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің жоғарыда айтқан дағдыларын қалыптастыру. Осы дағдыларды қалыптастыра отырып, оқытуды дамытамыз, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіретін тұлға қалыптастыруға негіз бола алады. Міне, осындай жұмыстар аясында облысымыздың пән мұғалімдерін оқыта отырып, қазақ тілі арқылы халықаралық аренаға шығу мүмкіндігін жасау керек деп ойлаймын. Ол үшін өз ана тлін құрметтеп қана қоймайды, тіліміздің әлеуметтік маңызын ұғына алады. Ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып қазақ тілін табысты оқыту, үйрету.
Үшінші деңгейлі курстың тренері ретінде айтарым осы бағдарлама бойынша мұғалімдерді оқыта отырып, оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқыту деңгейінің ықпалымен қатар барлық тілдік оқу бағдарламалары да мұғалімдерге сыни ойлау дағдыларын дамытуға үйрету. Мұғалімдерімізге тиімді курстарда айтылатын жеті модуль теориясымен ықпалдастырып оқытуды қолға алуымыз керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауынан

2.Мұғалімге арналған бағдарлама, Астана. 2015

Нұрсұлтанова Гүлжан Жаманбайқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
 Атырау облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы,
жаңартылған бағдарлама тренері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.