Home » Мақалалар » Мәңгілік елдің –мәртебелі тілі

Мәңгілік елдің –мәртебелі тілі

XXI ғасыр деңгейінде оқушыларға білім беру мен болашақ өмірге даярлау тақырыбы – Елбасы Жолдауының басты бөлімдерінің бірі. “Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман” — деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз. Елбасының Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Білім саласында соңғы жылдарда болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер және білімді бағалаудың түрлері- бәрі де оқушыға білім беру сапасын арттыруда жасалып жатқан игі істер деп білемін. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебінде 2018 жылы 08-13 қазан аралығында «Мәңгілік елдің –мәртебелі тілі» атты апталықтың жұмыс жоспарына сәйкес қазан айының 12 жұлдызында қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолданылатын ойын түрлері» атты тақырыппен мектепішілік семинар өтті. Семинардың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдарын таныту. Семинар барысында ұлттық қол өнерді насихаттау мақсатында көрме, «Ш.Құдайбердіұлына-160жыл» әдеби сазды кеш, «Абай және мен» эссе байқауы және 6 ашық сабақ өткізілді. Бастауыш буында қазақ тілі пәнінен Аскарова Гулсара Акрамовна 4 «В» сыныбында «Сүйікті тағамым-қазақша ет» атты сабақ өткізсе, орта буында  Сағындыкова Күлпаш Тұрғынбекқызы  6 «Ә» сыныбына «Әлемдік мәдени мұралар» тақырыбында, Арзықұлова Роза  Серікқызы 5 «Б» сыныбына «Қасқыр мен тиін» тақырыбында, Рысбекова Рана Усеровна 6 «Г» сыныбына «Тауда түнедік» тақырыбында, Қайқыбай Гүлімжан Қыдырбайқызы 7 «А» сыныбына «Ең басты- байлық» тақырыбында сабақтар өткізілді  және қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік жетекшісі Байбосынова Жанар Шынарбекқызы 8 «А» сыныбымен «Адам-ең жоғары құндылық» тақырыбында керемет шеберлік сабағын көрсетті. Семинар жоғары деңгейде өтті.

Бүгінгі күні оқушылардың жазу және сөйлеу сауаттылығын арттыру өте маңызды. Осы мақсатпен семинар барысында қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқушы сауаттылығын дамыту жолдарының маңызы, жаттығулар мен жазба жұмыстарының алуандылығы, фонетикалық, лексикалық және морфологиялық қателерді азайту үшін сабақта қолданылатын жұмыс түрлері, қатемен жұмыс түрлерінің ең озық түрлері дөңгелек үстелде талқыланып, сарапқа салынды.

Семинар барысында ұстаздардың бірі өз тәжірибелеріммен бөлісіп жатса, екіншілері өзара тәжірибемен алмасты. Оқушылардың сауатты жазу мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ең озық әдіс-тәсілдерді анықтау арқылы қолдану сауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашпақ.

 

Жайлаубаева Жанна Абдибековна

Шымкент қаласы

№27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі

директордың оқу ісі-жөніндегі

 орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.