Home » Мақалалар » Мәңгілік елдің кеменгері – Ұстазы

Мәңгілік елдің кеменгері – Ұстазы

Екі қабатты көркем безендірілген мектеп есігін ашып кіре бергенімде  бірінші кездескен орташа бойлы  қараторы  апай ерекше назарымды аударды. Иә, бойында бір бүккен қыр мен сыры бар апай аса қызығушылықты оятып тұрды. Неде болса етене жақын араласайын,танысайын енді жерде әріптестік байланыс жасаймын деп қара торы апайды «Жақсының жақсылығын айт»  айдарына әңгімелесуге шақырдым.

Апайдың есімі Әкімтаева  Жадыра Әбділхамитқызы өте жарқын  жүзді мен ойлағаннан да  артық адам боп шықты. 1965 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келіп,Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  мамандығы бойынша білім алып,еңбек жолын  Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде  бастаған. Араға жылдар салып ұстаздық қызметін  Сырдария ауданы,Тереңөзек кентіндегі №210  О.Әбілпаттаев атындағы орта мекепте жалғастырады.

«Осы мектепке ауысып келген сәтте менде бір тылсым күш пайда болып,аса бір қызығушылықпен жұмысымды жасай бастадым.Түрлі іс-шаралармен қатар әр сыныптағы сабағымды бір-біріне ұқсамайтындай етіп оқушылардың қызығушылығын оятатын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып өз әріптестерімнің ыстық ықыласына әп-сәтте бөлендім.Сол кезде ойлап қарасам сондай күшті маған  осы мектептегі ынтымақты әріптестерім мен талантты оқушыларым сыйлапты»-деп апай ыстық шайдан ұрттай отырып әңгімесін әрі қарай жалғай түсті. «Мен ұстазбын! Келешек ұрпақтың сәулетшісімін.» Осы бір сөзді айтқанда,менің жүрегімді мақтаныш сезімі кернейді.Өмірдегі бір бақытым – жүрек қалауымен  ұстаз болуым.Менің мұғалім болуым кездейсоқ оқиға емес еді.Осы сұраққа жауап  берген кезде көз алдыма марқұм алғашқы ұстазым Жалғасбаева Торы апайымның мейірімге толы жанары , нұрлы жүзі елестейді.Оның сыпайы мінезі,жүрек жылуы,биік парасаты мен білімі,ерекше талап  қойғыштығы маған өмір бойы Темірқазық іспетті бағыт-бағдар сілтеп келеді. 30 жылдық еңбек жолымның алғашқы күнінен – ақ көңіліме нық бекіткен ұстаздық ұстананымым – «45 жыл мұғалім болсаң да,45 минуттық сабаққа дайындал» деген нақыл сөз! Сондай ақ, әр шәкіртті өзіммен тең ұстап,оны жақын көріп,пікірімен санасуға тырысамын. Бала бойынан тек кемшілік емес,жетістік іздеп, жақсы істерін көре біліп,көтермелеп отырамын.Бала алдында өтірік айтпай,берген уәдемді орындап , бой-басымды, киім киісімді,түр әлпетімді жинақы ұстауға тырысамын.Негізі әрбір маман — өз мамандығын сүйе білуі тиіс.Жан дүниесімен жақсы көре білуі керек және үнемі ізденісте болу шарт. Қазіргі оқушылар мен бұрынғы оқушыларды салыстыруға

келмейді.Заман ағымына қарай білім саласында түрлі жаңалықтар да көбейе түсуде.Тек соны оңтайлы жолын тауып оқушыға жеткізе біліп, оқушының жан-дүниесіне терең бойлай білуің керек.Сол уақытта оқушы да үйреткеніңнен артық білімді меңгеретін болады»-деп  ұстаздық тағылымын тарқата бастады.

Жадыра апайдың  әр сөзін тыңдай отырып  іштей қуанып отырдым.

«Ұстаз еңбегінің марапатталуы-халықтың марапаттауы,алғысы деп білемін.Сонан кейінгісі- жоғары органдардың марапаттауы.Әр жылдары аудандық,облыстық деңгейдегі кәсіби байқауларға қатысып,жүлделі орындарды иелендім.Облыстық білім басқармасының, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен,Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Құрмет» медалімен марапатталдым. «Нәтижеге бағытталған білім-заманауи білім» атты әдістемелік құралым жарық көріп,облыстық деңгейде іс-тәжірибем таратылды. Бұлардың бәрі адал еңбегімнің жарқырап жанғаны деп білемін.Асыл уақытымның,саналы ғұмырымның зая кетпегені деп түсінемін.»-дей отырып апай өзінің жетістіктерімен бөлісе бастады.

Жадыра Әбділхамитқызы бағындырған асуларға көз жіберер болсақ;

  • Аудан әкімінің Алғыс хаты-2008 жыл-2013ж.
  • Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы 2010 жыл
  • Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының   Алғыс хаты 2011 жыл
  • Мұғалімдер арасындағы облыстық Әбділда Тәжібаев оқуларында жүлделі I орын 2009
  • Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының Алғыс хаты. 2012 жыл
  • Жыл бойғы нәтижелі жұмыстары үшін «Ұстаз модернатор — 2008 » номинациясымен марапатталып, еңбек кітапшасына алғыс жарияланған./2008 ж
  • «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияда жасаған «Қазақ тілі сабақтарында деңгейлік тапсырмаларды қолданудың тиімділігі» атты баяндамасы кітапта жарияланды.2013ж.
  • Академик Ө.Айтбайұлының қолы қойылған халықаралық «Қазақ тілі»қоғамының Құрмет грамотасы 2014ж
  • Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы 2014ж.
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы 2014ж.
  • Облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан-Қызылорда телекомпаниясы ұйымдастырған
  • «Сөз маржан»телеойынында жеңімпаз 2014ж.
  • Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының Құрмет медалі 2015 жыл

Жадыра апай ұстаздық қызметпен қатар шығармашылықпен де айналысады. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде үнемі мақалалары жарияланып тұрады. Сонымен бірге республикалық «Әдіскер мұғалім» ғылыми-әдістемелік журналында мақаласы жарық көрген. Тіпті апайының сүйікті шәкірті Мұқанбетқали Аружанның 2013 жылы республикалық «Балдырған» журналында «Ғажайыптар қаласына саяхат» атты мақаласы жарық көрген.

Ұстаз ұлылыққа өз шәкірттері арқылы ғана жетеді демекші бұл күнде Жадыра Әбділхамитқызының шікірттеріде жоғарғы деңгейде жетістіктерге жетіп ұстазына зор қуаныш сыйлап жүр.

  • 2012 жылғы бітіруші түлектер ҰБТ қорытындысы бойынша екі оқушысы Пәрзу Әділет , Жақыпбекова Тұрсынай шекті деңгейдегі 25 балл алған.
  • 2013жылы ҰБТ қорытындысы бойынша Алмасбекова Ақерке шекті деңгейдегі 25   балл алған.

Жадыра апайдың шәкірттері аудан көлеміндегі олимпиадалармен шектелмей

облыстық,республикалық түрлі байқауларға қатысып жүлделі орандарды иелініп

жүр.Солардың бірнешеуіне тоқталып кетер болсам;

  • Сырдария аудандық ішкі саясат және «Мирас » жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген « Жастар таңдауы — иманды өмір » атты байқауда поэзия жанры бойынша Мұқанбетқалиқызы Ұлбосын бас жүлде және бағалы сыйлықпен марапатталған.. /2009 жыл.
  • Аудандық ғыдыми жоба жарысында Мұқанбетқали Аружан I орын иеленген. /2010 жыл
  • Аудандық мәдниет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырылған ақындар мүшәйрасында алғыс хатпен Камалова Әйгерім марапатталған. /2010 жыл
  • «Ислам діні — бейбітшілік жаршысы» атты аудандық мүшәйрада Ерланқызы Арайлым II орын иеленген.
  • Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі және әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Елдің бағын жандырган-ер Балдырған!»атты шығармалар байқауында Мұқанбетқали Аружан IIорын иеленіп,ақшалай сыйлықпен марапатталды,жұмысы кітапқа енді. 2013ж.
  • Облыстық IYМахамбет оқуларында Ерлан Арайлым «Ұлы арман»бөлімі бойынша IIIорын иеленді.   2013ж.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы А.Мұқанбетқали Республикалық пән олимпиадасының II кезеңінде- I орын,III кезеңінде II орын иеленіп,күміс медаль иегері атанған.Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың Yкезеңінде IIIорын алып,қола медальмен марапатталды.2014ж.
  • «Ақберен»республикалық байқауының облыстық кезеңінде шығарма жазудан А.Мұқанбетқали II орын иегері атанды. 2015ж.
  • Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олипиадада Мұханбетқали Аружан ІІІ орын иеленіп,ҚазҰУ-дың грантын жеңіп алды. 2015 ж.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп М. Әуезов бекер айтпаған. Егемен еліміздің болашағы, білім мен тәрбие бастауы – білікті де білімді ұстаздардың қолында. Осындай мақтанышпен дәріптер ұстаздарымыз барда мәңігілік елдің болашағы жарқын,келешегі кемелді болады.

                                                                                                                                              Елеусізқызы Анар

                                                                                                               Білім айнасы

Қызылорда қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.