Home » Мақалалар » «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» БОЛАШАҒЫ – БІЛІКТІ ЖАСТАР

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» БОЛАШАҒЫ – БІЛІКТІ ЖАСТАР

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында /2017 ж., 31 қаңтар/.

Қашанда өзекті мәселе болып отырған елдің бірлігін, ынтымағын сақтау, ұрпақтар сабақтастығын дамыту секілді ұлттық идеяны өміршең етуге негізделген міндеттерді зор ықыласпен қабылдаймыз. Қазақстан әлемдегі болашақта қандай орын алатынына әр азаматтың қосқан үлесіне, жоғары жауапкершілігіне байланысты. Ел халқы жаңа өмірге қадам баса отырып, бар күш-жігерін көптеген өзекті мәселелер мен алда тұрған міндеттерді ұйымшылдықпен шешуге жұмыла білсе ғана, нұр үстіне нұр болмақ. Мемлекет басшысының барлық шешімдері ертеңгі күнге үлкен үміт береді, сенім ұялатады. Бүгінгі жастар, ертеңгі еліміздің болашағы болғандықтан да, әрқайсысы қоғам мүшесі ретінде өз орындарын сезініп, осы өршіл мақсаттарды жүзеге асыруға үлес қосуға тиіс екендіктерін білуге тиіс. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде еліміздің патриоты болуы, алған білімдерін елінің дамуына қосуы керек. Елбасы Жолдауында Қазақстанның басты қажеттіліктерін көтеруге, маңызды салаларын дамытуға сүйенетіндігі маңызды. Елбасы жастардың тегін кәсіптік білім алуға, еңбек нарығының сұранысына орай дуалдық жүйемен сапалы, білікті маман болуға, үштұғырлы тілді меңгеріп, бәсекеге қабілеттік мүмкіндігін арттыруға басты назар аударылуда.  Өмір өзгеріске толы, білім беру мазмұны жаңартылуда, ғылым мен техника қарыштап дамуда. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры берік, тарихи тамыры терең, адами ресурстар потенциалы бай дамып, өркендеуде екендігін жан-жақты айқындап көрсетуі, Жолдауда аталған бес басымдық осының дәлелі.

Елімізде білім беруді реформалау білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе еңбек нарығының сұранысына сай болашақ мамандарды дайындайтын оқытушылардың кәсіби қызметін жетілдіру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мүдделерін, экономика мен әлеуметтік саланы дамыту маңызды рөл атқарады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өрлеуіндегі маңызды өзгерістер, техникалық және кәсіптік қызмет көрсету салалары мамандарына сұраныстың табиғи өсуін туғызды. Елбасы өз Жолдауында «Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады» деуінің өзі ел дамуынын, білікті, қажетті жұмысшы мамандықтармен толық қамтамасыз жасауға арналуы. Мемлекет басшысы: «тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет, сонымен қатар, әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу керек» деп міндеттеді. Осыған орай, келешекте білім беру мекемелерін оңтайландыру, іс жүзінде ескірген әдістемелерге негізделген оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, қазақстандық білім беру жүйесінде оқу үдерісінің тәжірибелік жағына және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліп, теория мен тәжірибені  ұштастыра отырып дуалды кәсіби білім беру жүзеге асырылуда. Уақыт талабына лайық  білім ошақтарын заман талабына сай жетілдіру мен заманауи басқару жүйесін енгізудің мәні зор. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңында дуальды оқыту, сондай-ақ, функционалды сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған.

Кәсіптік білім берудің әлемдік тәжірибесінде әлеуметтік серіктестікті жүзеге асырудың тиімді жолы ретінде Германияның, Сингапур, Австрия Дания, Нидерланды, Швейцария сияқты көптеген еуропалық елдерде және соңғы жылдары Қытайда және Азияның басқа да елдерінде білім беру – дуалдық жүйесі кеңінен қанат жаюда. Бұл жүйемен білім алушы, оқу орнынан алған білімдерін өндірістегі тәжірибемен ұштастыра техниканың, заманауи жабдықтардың, инновациялық технологияның жаңа білімдерін өндірісте қолдана жүріп, терең игере білу керек. Қазіргі Қазақстан үшін бұл өзекті мәселені шешу ТжКБ ұйымдарындағы арнайы пән оқытушыларының сапалық дайындығынсыз мүмкін емес. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген, жаңалықтар мен өзгерістерге толы заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның іскерлік қабілетін, талантын дамыту уақыт талабына орай басты міндет. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі жаңашылдыққа,  педагогтің үздіксіз білім алуына, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа бет бұруын жүзеге асырат кезең.  Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімді терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.

«Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік»-деп Абылай хан айтқан даналық ойды еске ала отырып, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрландырып, қоғамды біз күткен болашаққа жетелейтін құдіретті күш тек білім ғана екенін сеніммен айтуға болады.

Исмурзина Гүлнара Базарбайқызы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша ПҚБАИ  бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.