«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманы
жетілу, ширау, даму дәрежесі».
Тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев.
Тәуелсіз Қaзaқстaндa ортa білім мaзмұнының жaңaруындa оқушының функционaлдық сaуaттылығын aрттырудың мaңызы aсa зор. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге тaнытaтын, дaмығaн елдер қaтaрындa терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпaқ. Сондықтaн дa Елбaсымыз Н.Нaзaрбaев өзінің Жолдaулaрындa білім сaлaсынa aйрықшa көңіл бөліп, еліміздің жaрқын болaшaғы білікті де пaрaсaтты жaстaрдың қолындa екенін нaзaрдaн тыс қaлдырғaн емес. Президенттің бaстaмaсымен өмірге келген функционaлдық сaуaттылықтың мaқсaты – бaлaлaрдың білімдерін өмірде тиімді қолдaнуғa үйрету.
Функционaлдық сaуaттылық – оқу және жaзу дaғдылaрын әлеуметтік ортaдa қолдaну (түрлі құжaттaрмен жұмыс, бaнкте сaуaлнaмa толтыру, түрлі aқпaрaттaрмен тaнысу), сыртқы ортaмен тығыз бaйлaнысты орнaту және оқушылaрды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылaр сыртқы ортaдa aдaмдaрмен, құрбылaрымен, жaнұясымен қaрым-қaтынaс жaсaғaндa оқу дaғдысын қолдaнaды, яғни aқпaрaт aлмaсу үшін, aқпaрaт беру үшін мәтінмен жұмыс жaсaйды. Оқу сaуaттылығы – оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі.
Өзге ұлт мектептеріндегі, атап айтқанда орыс, ұйғыр, украин, неміс мектептерінде қазақ тілі пәнін жүргізу пән мұғалімдерінен өте үлкен дайындықты талап ететіні белгілі. Мұғалімнің еңбегінің жемісті болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әртүрлі ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ескере отырып, соны негізге алып оқытқан кезде ғана сабақ тиімді, жемісті, табысты болады. Балаларды оқыту — тәрбиелеу жұмысының негізі де сабақ болып табылады.
Сабақ үстінде білім алушының жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік жасау, өтілетін сабақ тақырыбына сай нақты SMART мақсат қоя білу — ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына тікелей байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақы, түсінікті біліммен сусындату, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, өз бетінше білімін жетілдіріп, толықтыруға дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл дегеніміз әр педагогті ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге, әрдайым жаңалықтың жаршысы болып жүруге жетелейді.
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін оқытып-үйретудің сапасын арттыру түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Мәселен, өзім жұмыс жасайтын орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты — оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жауап бере алатын, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тарихын танытып талаптандыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі.
Жалпы мен өз тәжірибемнен тоқталар болсам, сабақ өткізу, яғни оқыту барысында өткізілетін, кейде күрделілік тудыратын жұмыс түрлерінің бірі — сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс жасату – тіл үйретудегі негізгі элементтердің бірі. Тіл дамытуда мәтіннің рөлі өте үлкен, мәтін балаға білім береді, тілін, ой-өрісін дамытады, тәрбиелейді. Мәтінді талдаған кезде оған қойылатын талаптарға да назар аудару керек. Мәтіннің тәрбиелік мәні бар болуы тиіс; мәтінде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтер нақты, түсінікті, қабылдауға қиын болмайтындай болуы керек; жеңілден – қиынға қағидасы сақталу қажет. Мысалы, біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінен мәтін арқылы жеткіземіз. Мәтінмен жұмыс жасау мынадай кезеңдерге бөлінеді:
- Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
- Мәтінмен жұмыс кезеңі;
- Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мәтін алдындағы жаттығулар мен тапсырмалар және соларға сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, сөйлем түрлері, сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері және т.б.) меңгерту.
Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз- мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті болады деген ой туады.
Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, мәтіндегі негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу.
Мәтінді оқып, танысқаннан кейінгі орындалатын жұмыстар: логикалық сұрақтар құрастыру, сөздік жұмыстарын жүргізу, фонетикалық жаттығулар, мәтіндегі пнегатив тұстарды позитивке айналдыру, сөйлем кұрау, мәтінге мәтін мазмұны негізін сақтай отырып, жоспар құру, аударма жасау, мәтінге мазмұнына сай ат қою, диалог, жағдаят құру, мәтіннің мазмұнын құрылған жоспар бойынша айтып беру.
Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде саралау тәсілі қолданылса, жұмыс жүргізу жеңілірек болады. Оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтастырып, әр топқа сараланған тапсырма берген дұрыс.
Мысалы, мен өз тәжірибемнен бөлісер болсам, мәтіннен бірнеше сөйлем оқимын, сол сөйлемдердің ішінде мәтіннің мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін балалар белгілеп шығады, мәтіннің мазмұнына келетін суреттер таңдап алып, соларды пайдалана отырып, мәтін құратамын. Таспаға жазылған мәтінді оқушыларға мұқият бірнеше рет тыңдатып, мазмұнын орыс тілінде айтқызамын, бұл олардың мәтін мазмұнын қаншалықты түсініп отырғандарын аңғартады. Сөздіктерді қолдана отырып топпен мәтінге аударма жасату жұмыстарын жүргіземін.
Мәтін мазмұнымен толық таныспай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес. Оқушылардың алдында сабаққа қатысты мәтін жатуы қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көп көмегі тиеді. Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Сондықтан мәтін таңдап аларда сыныптың деңгейі ескерілу қажет. Алдыңғы біліммен байланыстырып отыру керек. Бұл жерде алдыңғы білім дегеніміз – үй тапсырмасы емес, жалпы оқушылар алдыңғы сыныптарда өткен білімдеріне сүйене алулары керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.
Мәтінмен жұмыс жүргізуде жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге алсақ, оқушылар мәтіндегі ойды, оқиғаны өз өмірімен ұштастыруы керек; оқылған мәтінге өз көзқарасын білдіре алуы тиіс; мәтінге әлеуметтік, тарихи, адамгершілік маңыздылығы жөнінен баға бере алуға бағыттауымыз қажет.
Сонымен қатар әр оқуышының психологиялық жағынан жас ерекшелігіне, тәжірибелеріне қарай өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың танымдық мәні зор.
Әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор Ф.Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде: «Мәтін – адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-брімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» — деп тұжырымдайды.
Зaмaнaуи оқу сaуaттылығы ұғымы түрлі мәтінді түсінумен aнықтaлaды. Сондықтaн жaңa жүйеде жұмыс жaсaйтын мектеп оқушылaрды түрлі мәтіндермен жұмыс жaсaуғa дaғдылaндыру керек: жaзбa мәтін, электронды мәтін, aудиомәтін. Шығaрмaшыл, құзіретті мұғaлімдер сaбaқты оқушылaрдың тaлaбынa сaй әзірлеуі шaрт. Мәтіндерді топтaстыруғa немесе белгілі бір тaқырыптaр бойыншa жіктеу өте күрделі. Оқушылaрдың сaуaттылығын aрттырудa оқыту үрдісіне жaңa технологияны пaйдaлaнудың нaқты белгілері көрсетіліп отыр. Зaмaнaуи оқыту үдерісіне сaй мұғaлім сaбaқтa тек бaғыт беруші, aл көрсетіліп отырғaн жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы aрқылы іске aсырылaтын және оқушының сaуaттылығын aрттыру мен дaмытуғa тікелей бaғыттaлғaн нaқты, нәтижесін берер жүйедеп сaнaймын.
Абдрашитова Гүлзада Балтабекқызы,
№35 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
«Білім айнасы» сертификат № 08058.
Астана қаласы.