Home » Жаңалықтар » Мәслихат депутатының мәрттігі

Мәслихат депутатының мәрттігі

Жаңа жыл мерекесін барша бала асыға күтеді. Оның себебі, жаңа жыл сиқырға толы, бала арманының орындалатын ғажайып мерекелердің бірі болып саналады. Осынау ғажапқа толы сиқырлы мереке қарсаңында Алматы қаласы, Жетісу ауданы «Нұр Отан» партиясы да шет қалмады. Қолындағы барымен  көпшілікпен бөлісіп, олардың алғысына бөленуден шексіз ләззат алып, қайырымдылық жасап, ата-бабаларымыздың игі дәстүрін жалғастырып жүрген жандар аз емес. Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды. «Қолы ашықтың-жолы ашық» деп қазақ атамыз бекер айтпаған. Осындай игі  бастаманы қолына алып, балаларға шырша мерекесі қарсаңында шаттық сыйлаған Алматы қаласы Маслихат депутаты Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» деген екен дана халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанынан әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Мейірімділік-ол басқалардың игілігі үшін қамқор бола білу. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор бола білу дегенді білдіреді.Мейірімді адам әрқашан басқаларға көмекке келіп, әркез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Мереке қарсаңында Жетісу ауданы 21 мектебінен келген 42 оқушыға қыстық жылы киім мен аяқ киімді сыйлық ретінде берді. Жүрегі жылылық пен қамқорлыққа толы Қайрат Құдайбергенұлы әр баланың келешегінен зор үміт күтіп, болашақ өмірде өз орындарын таба білуге сенімді екендігін айтып, қанаттандырды. Өзінің балалық шағынан естеліктер айтып, өз ойымен бөліскен халық қалаулысы балаларға ағалық қамқорлық пен ақ батасын берді. Қайрат Құдайбергенұлынан сыйлық пен ақ батаны алған оқушылар мен ата-аналар шырша шаттығына бөленіп, қуанып ризашылықтарын білдірді. «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қаласы Маслихат депутаты Қайрат Құдайбергенұлына игі бастамаларына ризашылығымызды білдіре отырып, келешек жұмыстарына толағай табыстар тілейміз!

Искакова Г.Т.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы.
№102 ЖББМ әлеуметтік педагог

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.