Home » Жаңалықтар » Мәртебең қандай, жетекші?

Мәртебең қандай, жетекші?

Мұғалім – мектептің жүрегі. Ал жетекші сыныптың тірегі. ХХІ ғасыр талабына сай тұлға қалыптастыруда көп күш ауыртпалық жетекшілерге жүктелуде. Тіпті білім алушылардың ата –аналарына түсіндірме жұмысын жүргізудің өзін сынып жетекшіге жүктеп қоямыз. Жаңартылған білім мазмұнына сай сынып жетекшілердің жүргізетін тәрбие бағыттарына, мың сан жұмысына қарамастан Қызылорда облысы Шиелі ауданы №148 қазақ орта мектебінде «Ең үздік тәлімгер жетекші -2018» байқауы болып өтті. Байқауға сынып жетекшілк өтілі 5 жылдан жоғары ұстаздар қатысты. Тәрбие сабақтар беру, жоба қорғау, жағдаяттан шығу кезеңдерінен өтті.
Байқау мақсатына сай   сынып жетекшілер Д.Дьюи айтқандай «Өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге жалықпайтын қажеттілігі бар әр педогог өз кәсібінің мәңгілік оқушысы »- дегендей ұстаздар өздерінің кәсіби шеберлігін көрсетіп жас мамандарға үлгі бола білді.

Жүлделі орынға ие болған жетекшілерге шығармашылық табыстар тілей отырып мақтанатын істері, мадақтайтын шәкірттері болсын. Болашақ ел тұтқасы болатын жас ұланды тәрбиелеудегі жетекшілердің қиын да, қызықты кәсіптеріне сәттілік тілей отырып сынып жетекшілер жалақысын көтеріп немесе өзге жеңілдіктер қарастырылса нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

М.Байділдаева,
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылы
№148 қазақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.