Home » Жаңалықтар » Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Жылдар өз ағымымымен алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған мәңгілік мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық.

   Мұқағали — ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге өшпес мұра, естілмейтін құпия дауыстардан тұратын жұмбақ ақын. Кезінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Ақынмын деп қалай мен айта аламын, халқымның өз айтқанын қайталадым, күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын»- деп қазақтың қарапайым өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде біртуар халыққа таныта білді. Ақпандатқан ақ таңда туылған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа 88 жас толған болар еді. «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай» деп жырлап өткен ақынның туылған күні бүгінде әр қазақтың төрінде тойлануда. Осы орайда Алматы қаласы, Алатау ауданы, №179 жалпы білім беретін мектепте мектеп директоры Шара Талғатқызы Иманбекованың қолдауымен «Ғасыр ақыны – Мұқағали »тақырыбы аясында онкүндік өткізілді. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдекеева Араймен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырды, ақынның жүректен шыққан өлең-жырлары оқылып, әндері шырқалды. Бұл іс-шара барысында сынып жетекші Бейбітова Гүлжанат Болатқызы 5 «Б» сынып оқушыларымен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мерекелік тәрбие сағатында оқушылар ақынға қатысты деректермен таныстырды, мәнерлеп оқыған жырлары ішкі сезімдерімен  астасып жатты. Алматы қаласындағы Мұқағали Мақатаев көшесіндегі ақын ескерткіші алдында жыр арнауларымен 5 «Б» сынып оқушылары өздері түсірген бейнебаянмен әдеби іс-шараны көркемдей түсті. Ұлы тұлғаға оқушылардың және сынып жетекшісі Бейбітова Гүлжанат Болатқызының арнаулары оқылды.

Қорыта келе айтарым, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті.

 

Ақиық ақынға арнау

 

«АҺ» ұрғанда ақжігерім алқынып,

Қалған күндер қамқорлықтан тартынып.

Егіз жанның айтқан маған әлдиін

Жырларынан дәм татиды бал- тұнық.

 

Ну орманның емендері кейіпті,

Күдік ойлар шабытымды сейілтті.

Алатаудың асқарынан көремін

Тау тұлғаңды ұлы ақыным сүйікті.

 

Дара жолдың бағытталып бағаны,

Сәйгүлік- жыр, тақтап алып тағаны.

Қарасаздың шалғынына аунайды

Сағынғанда сар дала боп ағаны.

 

жылдың жылжып уақыты,

Сенен қалған сандық сырдың сарқыты

Өлең болып өріледі бойымда

Жібек үнге жаялық боп сарқыты.

 

Жүзім жатыр жатырқанып әжімге,

Құлақ асам түлен түрткен әз – үнге.

Өзің басқан Алматының өңешін

Терең бармай таптап келем қазірде.

 

Қабыл алмай сені қала тынысы,

Қисайғанда қылышыңның құрышы.

Осы күнде отырыстың өзінде

«Мұқаң» айтқан деп кетеді дұрысы.

 

Көңілімнен ессе көктем самалы,

Жан бітеді жырларыма жаралы.

Ақ  түтегі  борандаған  ақпанда

Саябақтан көрем жұртты қаралы.

 

Аш-ақпанға түскеннен соң таңдауын,

Жұмбақ сырға байи біткен жан-дауың,

Бәлкім, ақын айласы да шығар бұл

Бәлкім бізді арбауың да, алдауың.

 

Аязына төзгенннен соң азаптың,

Аялдадың бұл фәниге аз-ақ күн.

Ақпандатқан, ақтаңдатқан ардақты.

Ақиығы өзің болдың қазақтың!

 

 

Табиғат бір… Ақын жайлы ұғым бір,

Селкеу тұсын сұм өмірдің ұғындыр.

Шампан болып туған күнде атылсын

Шырқау көкке шабыт шіркін, тығын- жыр.

 

Бейбітова Гүлжанат Болатқызы,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
№179  жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.