Мемлекетіміз жаңартылған білім беру жүйесіне көшкеннен кейін сыныптардағы сабақ өтілу барысы мүлдем өзгерді десек те болады. Өйткені, оқушыларымыз ойын ашық та еркін жеткізе бастады. Бұл оқушылардың білім сапасын көтеруге мүмкіндігі көбейді. Әрине, бұл жерде мұғалімнің алатын орны ерекше. Мұғалім топтық жүйеде оқыту нәтижесінде оқушыларға берілген материалдарды толықтай қамтуына, өз беттерімен ізденуіне, өз білімі мен сыныптастарының білімдерін саралай, бағалай білулеріне, ұйымдастырушылық қабілеттерінің артуына, көшбасшы болуына ықпал етіп, оқушының интеллектуалдық даралығын анықтауға мүмкіндік береді.
«Сабақ– оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы»,-деп А. Сухомлинский айтқандай, Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Сабақта оқушылардан жеке тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізіліп отыруы керек. Себебі, ол оқушының ойлауын, есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Ұстаз оқушы бойындағы түрлі қасиеттерді анықтай отыра, оның сапалық ерекшелігіне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек деп ойлаймын.Бұл үшін, әрине, мұғалім өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың сүрлеуінен арылуы тиіс.
Сабақ беруде мұғалім балаларға тапсырмаларды меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ соңында нақты нәтижеге қол жеткізеді. Жаңаша оқытуда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімнің ескеретін тұстары:
-мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек;
-оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс;
-оқушылардың оқуға деген ынтасын күшейту керек;
-өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет;
-оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін оқушының табиғи талабын, қасиетін дер кезінде анықтау қажет. Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім алуына көмектеседі. Оқушылар міндетті түрде топтасып отырса, қарым-қатынастары нығайып, жақсы білім алуға мүмкіндік табады. Жеке жұмыс жасалып, оны міндетті түрде жұптық жұмыс арқылы талдайды, топта талқылайды, содан кейін барып қорғауға шығарады. Оқушының сабақ үстіндегі әрекеті, ол топтық және жұптық қызметін атқару. Мұғалімнің оқу қызметін ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу болып табылады. Сабақтың соңында оқушылар өз-өздерін бағлауына мүмкіндік те алады. Олар өз сыныптастарының әр жауабын сыни ойлап талдауға дағдыланады, өз бетімен жұмыс жасауға, бағалауға үйренеді. Сонымен қатар, ойларын ортаға салып талдайды, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады.
Самеков Мейрбек Нурланович,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,