Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру. Озық іс-тәжірибе алмасу үшін мүмкіндігі мол, кең сипаттағы құрылым. Мұғалім әрбір оқушының қабілетіне қарай білім бере отырып,оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін жаңартылған педагогикалық бағдарламаны меңгеруі тиіс. Білім жүйесі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелі қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалімді қажет етеді. Қоғaмдacтық — мұғaлімдердің білімін, cонымен бірге зерттеулер мен өзгеріcтер кезінде aлынғaн білімді құрметтейтін қоғaмды қaмтaмacыз етеді. Желілік қоғамдастықтың аясында 11 сәуірде «Мұғалім шеберлігі – үйрену мен ізденудің нәтижесі» тақырыбында Майқарағай орта мектебінде ұйымдастырылған семинар практикум Б.Уахатов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Г.М-ның 2-сынып қазақ тілі пәнінен «Дара және күрделі етістіктер» тақырыбы бойынша Шақа ОМ, Амангелді НМ, Майқарағай ОМ–нен келген мұғалімдерге көрсетілім сабақтан басталды.Сабақ барысында мұғалім оқушыларды жұппен жұмыс жасай отырғыза қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жаңа-әдіс-тәсілдерді, Білімленд–ті қолданды. АКТ-ның бар мүмкіншілігін пайдалану барысында оқушылардың белсенділігі артты.
2-ші сабақ Майқарағай ОМ-нің жас маманы, математика пәнінің мұғалімі Ергазина А. 5-сыныпта жаңа форматты сабақ өткізді де осы сабақты «Сабақты талдау әдіснамасы» іскерлік ойынға негіз етіп алынды. «Сабақты талдау әдіснамасы» тақырыбындағы Іскерлік ойын педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткіздім.
Ойын ережесімен таныстырылып, мұғалімдер ролдерге бөлінді. Рольдік ойын тәсілін пайдалана отырып, «Сабақты талдау әдіснамасы»тақырыбын талдағанымызда «жаңашыл ұстаздар», «консерваторлар» «серіктестер», «бейімделушілер», «сыншылар» топтары рольдеріне ене отырып, пікірталасқа түсіп, ғылымға жүгінеді. Мұнда әрбір «роль» өзінің дұрыстығын, ақиқаттығын, заман сұранысына қажеттілігін Уахатов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі «бейімделушілер» тобынан, «жаңашыл ұстаздар» тобынан Асаубаева А.Қ. өз дәлелдемелерін дәйектей білді. Мұндай талқылаулар мұғалімнің құзыреттілігі мен шеберлігін тереңдетіп, дамытты. Ойын нәтижесін сарапшылар тұрғысынан бағалап, әр мұғалім ойыннан рухани ләззат алды. Әріптестер ойын барысында ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық,шынайылық танытты. Мұның барлығы мұғалімдерді моральдық тұрғыдан қанағаттандырып, олардың өз күштеріне сенімін арттырды, қуаныш сезімге бөледі. Алдағы уақытта әр мектеп мұғалімі өз сабағына жан-жақты дайындалып, жаңаша оқытудың әдіс тәсілдері мен АКТ-ны қолдану арқылы өзгерістер енгізетініне сенімдімін және жүргізген сабағына толықтай талдау жасау арқылы қолжеткізген жетістіктері мен олқылықтарын анықтай алады деген ойдамын. Ойынға қатысушылар өз ойларын сыни тұрғыдан дәлелдеп жеткізе білді, әр топтың сабақты талқылаулары жемісті болады. Талқылау барысында нақты деректерге сүйеніп, дәлелдемелері дәйектеліп отырды. Семинар-практикумның басты мақсаты – әріптестердің шеберліктерін шыңдау, мұғалімдер жаңа табыстарға жетеді деп сенімдемін. Қатысып отырған серіктес мектептер үшін ұйымдастырылған іс-шара ой бөлісуге тамаша мүмкіндіктер болғаны мен үшін қуанышты жайт.
Бикеева Қ.Д.,
Павлодар облысы,
Лебяжі ауданы,
Б.Уахатов атындағы орта мектептің тренері