Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. «Маған мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ы. Алтынсарин бекер айтпаған.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.
Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Оқытудың мақсат-міндеттерін, бағасын білгендіктен өзгереді. Дұрыс жұмыс істеп, басқаларға үлгі бола білу үшін өзгереміз. Қазіргі заман ағымына сай тұлға тәрбиелеу үшін барымызды саламыз, өз білгенімізді бала бойына сіңіріп, жақсы тәрбиеленген, алғыр, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі кезде жан-жақтан берілетін ақпарат құралдары көп болғандықтан оқушылар оны тез қабылдайды. Соның салдарынан олардың тіл байлықтары дұрыс жетілмейді. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін оқушымен жан- жақты дұрыс жұмыстар жүргізілу қажет. Ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген міндеттерге мойынсұнып, үздіксіз жұмыс жүргізуіміз керек.
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болып, өзгеру керек. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың еркін азаматтарын, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, білімді, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
- Мектепте оқыту сапасын жоғарлату;
- Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмірдің өзі дәлелдеп отырған жоқ па?!
- Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі мынада: — Мұғалімге оқушының оқу үрдісіндегі іс-әрекетін объективті түрде бағалауына мүмкіндік береді; — Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, шынайы бағаланғандығына көзі жетеді; — Ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктер орын алмайды. Себебі өз баласының объективті бағаланғандығы туралы дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынас орнатылады. Оқушылардың өздеріне сенімсіздігі жойылады. Критериалды бағалаудың арқасында оқуға деген мүмкіндіктері артады. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, анализ, синтез, бағалау. Сабақта Блум бойынша оқушыларға бағалау шкаласы беріледі, оқушылар топта өздерін-өздері бағалайды . Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [3,107- бет] Сабақ барысында мен нені өзгерттім? Оқушылардың өздігінен білім алу дағдысын, әр сабақта өз түйгендерін жазуды қалыптастырдым. Бұл жақсы жұмыс түрі, жақсы бағалау әдісі. Өз тәжірибемде оқушылардың еркін сөйлеуі, ойын ашық айтуы, бір-бірінің пікірін құрметтеуі үшін әрекет жасай отырып, сөз байлығын және ой өрісін кеңейту үшін, шығармашылық қабілетін арттыру және пәнге қызығушылығын арттыру үшін жұмыстар ұйымдастырдым, әрі қарай алдағы уақытта да жалғастыруды басты міндеттерімнің бірі деп ойлаймын. Барлық сабақ барысында оқушылар дәл осылай жұмыс жасағанын, пәнге деген қызығушылықтарын әлі де арттыру, сабақ барысында жұмыс түрлерін өзгертіп отыруды мақсат етемін, осы курста алған бар білімімді, күш жігерімді салуға тырысамын. Өз тәжірибемде нені дамыттым? Оқушылардың сабақта еркін отырып, өздігінен білім алуларын, сыныптың ұйымшылдығын, мәтінмен мозайкалық әдіс арқылы жұмыс жасауды дамыттым. Видеоға, фотоларға түсірген кезде оқушылар бас кезінде қобалжығанмен, артынан өздерін еркін ұстады. Жұппен, топпен жұмыс жасаған кезде сабақта жіберген қателіктерін өз араларында түзеп отырды, жақсы түсініп, талдап, бағалай білді. Әсіресе бір-біріне қолдау жасап, ойларын ашық айтқаны, кері байланыс жасағаны ұнады. Олар топқа бөлініп, жаттығуларды орындау барысында, жетістіктеріне жеткендеріне және сол топтағы нашар оқитын баланың өзі белсенділік танытып, жақсы көрінгеніне, ортаға шығып дұрыс жауап айтқанына өте қуанды. Өздерінің жетістіктерін өздері көріп, бағалады. Дәл осындай қарқынмен өткен сабақтарымда үндемей отырған оқушылар болған жоқ. Деңгейлік бағдарламалар бойынша алған білімімізді орынды қолдану. Сөзімнің соңында егер мектеп алдында әр баланың қабілетін дамыту сияқты әлеуметтік міндет тұрса, барлық пәндерде жаңа технологияны тиімді пайдалану арқылы білім алушының өз белсенділігін ояту, біліктілікті арттыру жағдайында рефлексивті кері байланыс орнату сияқты мәселелердің орындалуы тиіс дегім келеді.
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж Университетінің білім беру Факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыоу курстарының деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий. Оқу-әдістемелік құрал – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. – 2012 ж
- Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Екінші басылым. 2014 ж
Сулейменова Зуара Байгараевна
Астана қаласы
№84 мектеп – лицей
Биология пәнінің мұғалімі