Home » Жаңалықтар » «МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» Заң жобасын талқылауға шақырамыз

«МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» Заң жобасын талқылауға шақырамыз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен  «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасы әзірленуде. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында сөз болған жаңа Заң мұғалім мәртебесін арттыруды көздейді. Заң ұстаздар қауымының жүктемесін азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс. Осы ретте мектеп мұғалімдері мен ЖОО, колледж оқытушыларын, ата-аналар қауымы мен осы мәселеге қызығушылық танытқан тұлғаларды заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Заң жобасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, bilimdiel.project@mail.ru  электрондық поштасына жіберуге болады.

Заң жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстар https://bilimdinews.kz/?cat=603637987  және ҚР БҒМ ресми сайтында http://edu.gov.kz/ru/deyatelnost/list.php?SECTION_ID=157 орналастырылған.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тұжырымдама жобасы http://edu.gov.kz/ru/deyatelnost/list.php?SECTION_ID=157

Құрметті мұғалімдер, оқытушылар және қымбатты ата-аналар! Сіздерді  «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасын талқылау барысында белсенділік танытуларыңызды сұраймыз! Өйткені жаңа Заңның қабылдануы білім беру саласының болашағы үшін өте маңызды.

 

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.