Home » Ашық сабақтар » Мұғалім-мектеп жүрегі

Мұғалім-мектеп жүрегі

Мақсаты: Тренингтік қарым – қатынастың белсенді стилін орнату, әрі қарай ашық сөйлесуге, өзін — өзі тануға, өзінің және өзгелердің психологиялық екшеліктерін анықтауға және мұғалімдердің арасында жылы қарым – қатынас орнату.

Қолданылатын құралдар: Карточкалар, қағаздан қиылған жүрекшелер.

Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала – бір жұлдыз.Жарқырауына көмектес!»

Ұйымдастыру кезеңі

Тренингтің қатысушыларын шеңбер жасап отырғызу, сәлемдесу рәсімін жүргізу.

– Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы «Мұғалім — мектеп жүрегі!» деп аталады. Мақсаты бір-бірімізбен қарым-қатынасымызды арттыру. Сонымен қатар өзін-өзі тануға, өзінің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.

  1. Негізгі бөлім
  2. «Менің алғашқы ұстазым» жаттығуы.
  3. Сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай?
    Сіздің қызығушылығыңыз қандай? 3. Сіз қандай оқушыны ұнатпайсыз?
    4. Ең сүйікті мейрамыңыз қандай?
    5.Өз мамандығыңыз сізге ұнайма?
    6. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
    7. Мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа барар едіңіз?
    8. Оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді?
    9. Сізге ұнамайтын үйірмелер бар ма?
    10. Сіздің қолыңызда билік болса, қандай үйірме ашар едіңіз?
  4. . «Менің алғашқы ұстазым» туралы айту

Экранға назар аударыңыздар: Видео -№1

Мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық рефлекциялық қабілетін дамыту, жеке тәжірбиелік әсер етулерін бағалау және анализдеу.

Психолог топ мүшелеріне өздерінің алғашқы  ұстаздарын естеріне алуды ұсынады.  Оның балаларға қарым-қатынасы, сабақ түсіндіру мәнері, оқушылар жұмысын қалай бағалау, сыныптағы ахуал қандай болғанын естеріне алуы қажет. Жаттығудың эффективтілігін жоғарылату үшін оларға өз тәжірбиесінде кездестірген алғашқы ұстаздарына ұқсас іс-әрекеттерін немесе одан жақсырақ, әділдірек болғысы келетіндігі жайлы пікірлерін сұрауға болады. Тағы бір маңызды жайт, олар өздерінің балалық елестерінің негізінде өз оқушыларын терең сезіне алуына үйрету.

  1. Тапсырма топқа сұрақ карточкалар таратылады

 

1.Мұғалім қандай болу керек ?

2.Мұғалімнің түпкі мақсат мұраты неде?

3.Шәкірт қандай болу керек ?

4.Мұғалім еңбегінің нәтижесі ?

«Нұрлы жүрек» жаттығуы: «Ұстаздармен сұхбаттасу жолы».Олай болса назарларыңызды экранға аударайық.Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр.
1тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады.
2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.
3-тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғлім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар!

3 – тапсырма: «Сыйлық»

Нұсқау: Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта отырған көршілеріңізге сыйлық сыйлайсыздар. Көршіңізге  сыйлық жасайсыз, алдарыңыздағы доңыздың бейнесіне сол жақ көршіңізге тілек жазып сыйлайсыздар.Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей жасау керек.

Жұмыс түрі: Сауалнама

Тақырыбы: «Мұғалімнің өзін-өзі дамытуға қабілеті »

Мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық қызметіне даярлығы ,жаңа ортаға бейімделуін анықтау.

Барысы: Жас мамандардың 15 сұрақтан тұратын «мұғалімнің өзін-өзі дамытуа қабілеті» тақырыбында сауалнама алынды.әр мұғалімге жеке алдына сауалнама таратылды.берілген жауаптар балл бойынша есептеліп нәтиже шығарылды.Әр жауапқа берілген нұсқа бойынша балл қойылды.Бағалауы: 5-аталған мәселелер толық қамтылғанда,4-сай келгенде,3-бар деуге де,жоқ деуге де болады.Нәтижемен сауалнама соңында танысты Сауалнама төмендегі мәтіндегідей болды.

 

  1. 1. Өзімді үйренуге ,игеруге ұмтыламын
  2. Уақытым болмаса да өзімді дамытуға уақыт табамын

3.Туындаған қиыншылықтар менің белсенділігімді арттырады

  1. Кері байланыс құрамын .Себебі ол өзімді білуге,бағалауға әкеп соғады
  2. Өзімді рефлекстеуге уақыт табамын
  3. Өзімнің сезім мен тәжірибемді талдаймын
  4. Көп оқимын
  5. Мені қызықтыратын мәселеге талас тудырамын
  6. Өз мүмкіндігіме сенемін
  7. Ашық ойлы адам болуға тырысамын
  8. Мені қоршаған адамдардың әсері болатынын сеземін
  9. Өзімнің кәсіби деңгейімді дамытамын және одан нәтиже аламын
  10. Жаңалықты білгенімнен рахат аламын
  11. Көбейіп келе жатқан жауапкершіліктен қорықпаймын
  12. Қызмет бабында өскеніме ризамын

Қорытындысы:

55 ұпайдан асса –дамыған тұлға мұғалім

36-54 қалыптасып  келе жатқан тұлға

15-35 дамуы жәй тұлға

Экранға назар аударыңыздар:

Видео -№2

Қортынды сөз. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім-мектептің жүрегі » демекші сіздердің әрқайсысыларыңыз мектептің жүрегі бола берулеріңізді тілектеспін. Өздеріңіз таңдаған кәсіби мамандықтарыңызды ары қарай дамытып жоғарыдан көріне беріңіздер. Яғни бүгінгі таңдағы Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан ұстаздары жаңашыл, білімді, интеллектуалды және жан-жақты болуы керек. Кез-келген мұғалім инновациялық технологияны  пайдаланғанда оның психологиялық астарына үңіле қараса, нұр үстіне нұр болар еді. Осындай білім мен тәрбие алған шәкірттеріміз Тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағы болып шығады деген сенімдемін.

Тренингке атсалысып қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет. Еңбектеріңіз жана берсін.

 

Максимова Индира,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Шона Смаханұлы атындағы
№44 орта мектептің  психологы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.