Home » Мақалалар » Мұғалім – көшбасшы

Мұғалім – көшбасшы

«Мектептер қызметкерлердің ғана емес, оқушылардың, ата-аналардың да бағалы әлеуетін
пайдалана алмайтын болса, оны пайдалануға құқылы болмаса, өткеннің қатесін қайталамақ.
Көшбасшылық шын мәнінде білім беретін зияткерлік мектептердің
қалыпты жағдайы болып табылады».
(Макбет)

Білім саласындағы үлкен жүйе деңгейлік бағдарламалардың жүзеге асуы білім сапасына айтарлықтай өзінше ерекшеленіп жатырған жаңа бағыттағы сабақ формаларын тілге тиек еткім келеді.

Біздің мектепте ІІІ деңгейлік курсты аяқтаған бес мұғалім, ІІ деңгейлі курстан бір мұғалім және І деңгейлі курстан бір мұғалім өтті. Және физика пәнінің мұғалімі Тасымғалиева Забыханым Хамзақызы, биология пәнінің мұғалімі Достанов Бақытжан Әбуұлы, информатика пәнінің мұғалімі Аменова Гүлназ Самиғоллақызы, пәндерді ағылшын тіліне тереңдету мақсатында ұзақ мерзімді курстарда білім жетілдіруде. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнына көшу барысында осы курстың зор үлесін байқаймын. Жаңа мазмұндағы сабақтар үлгісін жасақтап,нәтижелі жұмыстанып келеді. Олар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хажгереева Динагүл Болатқызы,тарих пәнінің мұғалімі Мұханбеталиев Нұржан Нәділшеұлы, технология пәнінің мұғалімі Қарағойшина Сұлужан Жәдігерқызы,бастауыш сынып мұғалімі Қошкарбаева Гүлфия Саниқызы,жас мамандар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жакипов Алмаз Қуанышқалиұлы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мамбетова Гүлжанат Гинаятқызы.

Физика пәнінің мұғалімі Тасымғалиева Забыханым Хамзақызы, биология пәнінің мұғалімі Достанов Бақытжан Әбуұлы, информатика пәнінің мұғалімі Аменова Гүлназ Самиғоллақызы, пәндерді ағылшын тіліне тереңдету мақсатында ұзақ мерзімді курстарда білім жетілдіруде.

Бұл мұғалімдер өз кәсіби біліктіліктерін жетілдірумен қатар,шығармашылық бағытта жұмыстана бастады. Сабақ жоспарын орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар ретінде жасақтай отырып, жаңаша мазмұндағы сабақ үлгілерін басқа да әріптестеріне көрсетіп, өз тәжірибелерін іске қосып отырады. Әріптестер арасында кәсіби оқуға және өсуге ықпал етіп отырғаны да байқалады. Күнделікті дайындықпен келіп, сабаққа қажетті ресурстармен қоржындарын толықтырып отырады. Сонымен қатар кезең-кезеңімен ұйымдастырылып отырған білім жетілдіру курстарында үздіксіз жұмыстануда. Тренерлік курстан өткен   мұғалімдер өз білгендерін әріптестер арасында ортаға салып, кездескен қиындықтарды кеңесіп шешуге дағды қалыптасып келеді. Жуырда осы мамандардың ашық есік күні белгіленіп,өте тартымды дағдыға айналған сабақ үлгілерін көрсетті.

Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі көптеген әріптестерім үшін бірден оңайға түскен жоқ. Көптеген қиыншылықтар күн сайын кездесіп отырады. Бірақ біртіндеп шешу жолдары да қарастырылып,пән мұғалімдері облыстық педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі арқылы дайындық курстарынан өтіп, түрлі бағыттағы семинарларға қатысып отырады. Бұл мектептің даму үрдісі әлі де болса жалғасып жатыр. Мектепке келгеннен кейін теориялық білімдерін мұғалімдер практикада қолдана алды. Өйткені білім жүйесінде айтарлықтай өзгерістер келді. Былтырғы оқу жылында тек бірінші сынып жұмыстанған болса, биыл орта буын осы бағдарламаға қосылды. Осы аралықта мектеп ұжымы бір кісідей   жұмыла жұмыстануды бастады. Мектеп тренерлері дөңгелек үстел ұйымдастырып, жаңартылған білім беру мазмұнының оқу мақсаттарын айқындап алды. Әр бірлестік жетекшісі өз пәндерінде кездескен қиыншылықтарын анықтай отырып,бір-біріне кәсіби қолдау көрсетеді. Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімі әдіскерлері де әр сала бойынша көптеген семинар, практикалық сабақтарды ұйымдастырады. Аудан мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу сағаттарына, онлайн сабақтарына мұғалімдеріміз қатысып отырады.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында мектепалды даярлық сыныбының оқушылары мен тәрбиешісі Халидуллина Ғалия республикалық «Үркер» байқауынан марапат алса, аудандық педагогтар арасында ұйымдастырылған Қадыр оқуларында балабақша тәрбиешісі Хайдарова Рима ІІ орын алып, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тулешова Айсулу Баянғалиқызы алғыс хатқа ие болды.

Қазіргі қоғамда мұғалімнің беделінен гөрі мұғалімге артылып отырған жүктің салмағы басымырақ екенін барлық әріптестерім мойындайтынына сенімдімін. Осы мамандықты шын жүрегімізбен қабылдап, бар күш-жігерімізбен білек сыбана жұмыстанатын болсақ, мәртебелі мамандықтың иесі ретінде абыройымыз арта түседі ғой деп ойлаймын. Әзірге қарқынды болмаса да, басталған ісімізге нық қадамдармен болашаққа сенім ұяласа біз еліміздің патриот жастарын білімді әрі тәрбиелі етіп шығаратынымызға сенеміз.

Арайлым Серікбайқызы Жукеева,
ЖББ М.Қаналиев атындағы
Алғабас орта мектеп-балабақша кешенінің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, ДОІЖО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.