Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі.
К. Д. Ушинский
Әр мемлекеттің болашағының іргетасын қалаушылардың бірі – ұстаз. Ұстаз сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар болашаққа бағыт-бағдар беруші тұлғалардың бірі десек қателеспейміз. Көшбасшымыз Н.Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз» деген болатын.
Ұстаз білім беру үдерісінің маңызды бөлігін құрайды. Жаңа форматтағы мұғалім талапқа сай білімдерді меңгеріп, өз дағдылары мен жаңа әдістерін жетілдіріп отырады. Ол қазіргі педагогикалық қызметтің жағдайлары мен факторларына шолу жасайды, оның мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және нәтижелерді болжайды.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де білім — тәрбие беру жүйесіде атқрылып жатқан жұмыстар нәтижелері заман талабы ағымында жүріп жатқанын көрсетеді. Мектеп оқушыларының жетістіктері жұмыстың жүйелі түрде алып барылып жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдар ішінде мектепбіміз барлық қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, күнделікті ағымдағы кезек күттірмейтін сан түрлі іс-әрекеттердің бел ортасында, қызу еңбек майданында шыңдалып, білім алу баспалдағының сан белесін бағындырып келеді.
Ұлыларымыздан қалған ұлағатты сөздің бірі «Мектеп–кеме, білім–теңіз» десек, осы теңіз төрінде мектебіміз мінген кемесін құлатпай, терезесі тең қалыпта ұстап, бүгінгі ұстазға қойылар жаңа талап, инновациялық үрдістерді өз іс тәжірибесінде қолданып, мектеп мұғалімдері білімін жетілдіріп, толықтырып отыр. Оған дәлел, оқушыларымыздың Жетісу аудандық білім бөлімі, «Нұр Отан» партиясының мектепшілік жоспарларына сәйкес көптеген сайыстар мен жобаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жатыр. Бұл оқушыларымыздың мектепте алып жатқан тәлім-тәрбиенің бет бейнесі. Еткен еңбек, төккен тер ешқашан бағасыз болмақ емес, осы тұрғыда оқушыларымыз бен ұстаздарымыз еңбегіне берілген марапат пен бағалау да әрқайсысының келешекке деген ұмтылысын, жұмысқа деген жігерін қанаттандыра түскені сөзсіз. Атап айтсақ, 2017-2018 оқу жылындағы ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балл -108, 6 сынып оқушысы Абдиракин Асель Алматы қаласы IT университетінде өткен I халықаралық Bilgen Alaman пәнаралық оилпиадасында математика пәнінен қатысып I орын иеленді, Гаппаров Ильхам 9-сынып оқушысы Азия Чемпионатында қол күресі бойынша 3-орын иеленді, Яксембай Диана «Жеңіспен келген көктем» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Нұрлы жастар- өнер орталығы» ұйымдастырған Республикалық байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша 2-дәрежелі дипломмен марапатталды, «Бақытым Халқым менің»татты М. Мақатаев құрметіне арналған фестивалінде «Вокал» жанрында 1-орын иеленді, «Табиғат білгірлері» атты КВН ойын байқауында 2- орын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып арсында өткен «Менің бизнес жоспарым» қалалық байқауында Батырбеков М. 3- дәрежелі дипломға ие болды, «Жарқын болашақ» X аудандық қазақ тілі олимпиадасында «Сөз шеберлері» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Ажахмет Ақниет 1- орын иеленді және тағы басқалар. 2018-2019 оқу жылы басы «Нұр Отан» партиясы белгілеген бағдарламалар мен тапсырмаларды жүзеге асыруда танытқан жоғары белсенді қызметі мен «Үздік бастауыш партия ұйымы» Республикалық байқауының Алматы қаласы бойынша өткізілген іріктеу сайысында қол жеткізген озық тәжірибелері мен нәтижелері үшін 1 санаттағы (100-ге дейінгі партия мүшесі бар) «ЕРНАР» партия ұйымы – «102 ЖББМ» КММ- сі ұжымы III- орын иегері атанды. Мектеп директоры Кержикеева Д.Р. ны Алматы қаласы әкімі, «Нұр Отан» партиясы алматы қалалық филиалының төрағасы Б. Бәйбек салтанатты түрде марапаттады.
Осы жетістіктерге мектебіміз ұлы Абай атамыз айтқандай: “Талап, еңбек, терең ойдың” арқасында жетіп келеді.
Жақандану заманындағы мұғалімдер жаңашылдыққа ашық, болашаққа талыпынысы шексіз. Бірақ білім беру мен тәрбиелеудің дәстүрлі әдістерін ұмытпаған да жөн. Себебі егер мұғалім мен балалардың арасында шынайы қарым-қатынас, диалог болмаса, мұғалім өз қамқоршыларын сезінбесе, ешқандай жаңа технология, инновация оқушыға барлық нәрсені білмейді.
Мектептің абыройын аспандатып, жалпы бала тәрбиесіне,білім беру ісіне асқан құлшыныспен кірісіп, үнемі еңбектеніп жүретін ұстаздарымыз аман болсын! Әр ісі үлгі, ұлағатты ұстаздарға – мың тағзым етсең де артық емес-ау сірә!
Құрметті де қадірменді ұстаздар қауымы әрдайым еңбектеріңіз жанып, осы бір ұрпақ алдындағы ауыр міндеттеріңіздің ылғи да жемісін көре беріңіздер! Ұстаздар күні құтты болсын!
Ауэлбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: