Home » Эссе » Мұғалімдік мендегі құштарлық

Мұғалімдік мендегі құштарлық

«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының өмірлік рухани азығы.Бұл орайда бастауыш сынып мұғалімдерінің орны ерекше.Алдына келген саря ауыз балапанды қанаттандырып, үлкен өмірге алғашқы қадам бастырар жан осы алғашқы ұстаз.Хат танып, қалам ұстап көрмеген бүлдіршінді өзіне баурап, білімге бейімдеу аса зор ыждахаттылықты, темірдей төзімділікті, мол мейірім, кең жүректі қажет етері сөзсіз.Осы бірнеше қасиетті бір бойына жинаған жан ұстаз деген ұлы есімге лайық болары анық.Осындай ұлы тұлғаның бірі 28 жыл бойы бүлдіршін баптап, шәкірт ширатып, талай оқушыны үлкен өмірге шығарып салып жүрген Ләпиева Гүлайым Қаппарқызы.

Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы , Үшарал ауылында туған. Саран педагогикалық училищесін,Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.Қазір Қарағанды қаласы «№23 ЖББОМ» КММ   біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі.Гүлайым Қаппарқызының бойындағы қажырлылық әр шәкіртіне үлгі.Қашанда ізденіс үстінде Гүлайым мұғалім   жаңартылған  бағдарлама бойыншада өз білімін шыңдап , шәкірті үшін тағы бір белесті бағындырған жан.Өзінің саналы ғұмырын жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуға арнаған ұстаз тәуліктің қай мезгілі болмасын оқушы жағдайын ойлап жүреді.Оның жүзіндегі мейірім алдындағы оқушысы былай тұрсын, ата-ананын еріксіз баурап алатындай.Қашанда жылы жүзбен жымиып жүретін Гүлайым Қаппарқызы алдына келген жанмен қандай тақырыпқа болмасын ортақ әңгіме өрбіте алады.Танымы толғайдай, талабы таудай ұстазды ұжымы да, ата-аналар да, шәкіртері де ерекше құрметтейді.Оның сабақ беру тәсілі де ерекше.40 минут ішінде әр оқушыға жекеше көңіл бөліп, әр баланың бабын табу Гүлайым мұғалім үшін күнделікті әдетіне айналған.Сан оқушының көңіліне сара жол сала жүріп, өзінде үнемі жетілдіріп отырады.Оған дәлел оның авторлық мақалалары, алған марапаттары. Халықаралық ҒПК «Заманауи мектебінде оқытудың теориясы мен әдістемесі» (2014ж.), Халықаралық ҒПК «Жаңа білім беру технологиялары» (2014ж.), Мұғалімдерге арналған «Сабақтар қобдишасы» сайтындаа интернет — жоба (2014 ж.), Облыстық ҒПК «Сапалы білімнің кәсібилігі, инновациясы, шығармашылығы» (2014ж.), «Ғылымға алғашқы қадам» №23ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобаларының жинағы (2015ж) Республикалық ҒПК «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мұғалімнің рөлі» (2015ж.)
Қалалық ҒПК. «Мағжан тағылымы — 4» (2016ж.), XVIII –аймақтық ҒПК «Қазақстандық білім беруді жаңарту. Нақты қадамдар: — мұғалімнен- оқушыға» 1 дәрежелі диплом (2016ж.), Облыстық ҒП семинар «Оқыту және оқу тәжірибесінде жаңа тәсілдеме» (2016ж.), XIX аймақтық ҒПК «Заманауи білім берудің сапалық өзгерістері: Оқу үрдісіне жаңа көзқарас»(2017ж.), Халықаралық ҒПК «Қосымша білім беру: әлеуеті және даму стратегиясы» (2017ж).   Қалалық семинар «№ 23ЖББОМ» КММ «Заманауи мектепте критериалды бағалау жаңа технологияның бірі»(2017ж.).Облыстық семинар «№ 23ЖББОМ» КММ «Критериалды бағалау моделінің технологиясы(2017ж. Ұстаз оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартып, зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі,оқытудың тұлғалық-бағдарлы бағыты арқылы пән бойынша.білімдерін тереңдетуге ықпал етеді. Оқушылары үнемі әр түрлі деңгейдегі олимпиада- лардың, зияткерлік марафондардың,байқаулардың,Халықаралық қашықтық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Инфоурок», « Бастау», «Зерде», «Парасат», «Ақ Бота», «Кенгуру-математика барлығы үшін», «Золотое руно», «Білгір»,облыстық,қалалық балалар ғылыми-тәжірибелік конференциялары.Қарағанды қаласының білім бөлімі «Құрмет» грамотасымен марапатталған. 2015жылы Республикалық «Дарынды оқушылар» порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауларға шәкірттер дайындағаны үшін «Алғыс хат» берілді.

Ұрпақ болашағы ұстаз қолында екенін жақсы ұғынған Гүлайым Қаппарқызы оқушыларын қашанда ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Әр сынып сағатында оқушы санасына салмақ салмай, алайда салиқалы тақырыптар қозғайды.Бұлда болса Гүлайым мұғалімнің   адами қылығының бір қыры.Өз тілімен айтар болсақ , мұғалімдік оның құштарлығы.

Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.